ЕСІМОВА АЙГҮЛ

ЕСІМОВА АЙГҮЛ

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Есімова Айгүл Бегенқызы 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1979-1989 жылдары Шымкент қаласында А.С.Пушкин атындағы №1 орта мектепте оқып білім алды.

1989 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетіне оқуға түсіп, оны 1994 жылы үздік  бітірді. 1995-1998 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде қоғамдық қозғалыс және саяси партиялар тарихы кафедрасының аспирантурасында оқыды.

1999 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  диссертациялық кеңесінде «Демографические процессы в Казахстане в годы Великой Отечественной войны: политические, социально-экономические и культурные аспекты» деген тақырыпта кандидаттық  диссертация қорғады.

1999-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының, Академиялық инновациялық университеттің саясаттану кафедрасында доцент м.а, доцент қызметінде болды. 2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының география және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті қызметін атқаруда.

А.Б. Есімова ҚР БжҒМ жарияланған конкурста 2009 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының  иегері болды. Сонымен қатар ол Маккуртур фондының, INTAS ²EU-NIS², CARTI халықаралық зерттеу гранттарының жеңімпазы. Жалпы ғылыми еңбегі – 82, оның ішінде 20 мақаласы шетелде жарияланған. А.Есімованың 2 монографиясы және 4 оқу құралы баспадан шыққан.

А.Б.Есімова Kingston University (Ұлы Британия) және Charles University in Prague (Чехия) университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Мәскеу, Будапешт, Прага, Баку, София қалаларында өткен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. Чехияның Charles университетінде және Болгарияның София университетінде магистранттарға және PhD докторанттарға лекциялар оқыды.

А.Есімова Қазақстан социологтары ассоциациясының, Ресей  социологтары қоғамының және Қазақстан демографтары ассоциациясының мүшесі.