Дене тәрбиесі және әскери дайындық факультеті

Спорт факультетінің тарихы

Шымкент педагогикалық институтында «Дене тәрбиесі» мамандығы 1966-1967 оқу жылында ашылды.

Алғаш рет 25 студент қабылданды. 1970-1971 оқу жылында «Дене шынықтыру» мамандығы өз алдына «Дене тәрбиесі» факультеті болып құрылды, кейіннен аға оқытушы М.М.Федосов декан болып сайланды. 1973-1982 жылдар аралығында «Дене тәрбиесі» факультеті деканы аға оқытушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Мардан Баймырзаұлы Сапарбаев болды. 1982-1987 жылдары факультети халықаралық дәрежедегі төреші, аға оқытушы А.А.Виниченко, 1987-1990 жылдары п.ғ.к., доцент О.А.Аяшев басқарды. «Дене тәрбиесі» факультеті 1991 жылы 1-қаңтардан жаңадан ашылған Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтының құрамына кірді. Ал енді осы 25 жыл ішінде «Дене тәрбиесі» факультеті көптеген жетістікке жеткен. Спорт жағынан, ғылыми тұрғыдан сол уақытта Шымкент педагогикалық институты Республика бойынша спорт мамандарын дайындау және жарыс қорытындысында үшінші орыннан түскен емес.

Әсіресе факультеттің студенттері грек-рим күресі, гимнастика, велоспорт, жеңіл атлетика спорт түрлерінен Республика бойынша алдыңғы орындарға ие болатын.

Ал жеке айтып кетсек грек-рим күресінің жаттықтырушысы аға оқытушы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Спорт шебері Мардан Баймұрзаұлы Сапарбаев үнемі студенттер Универсиядасында командалық бірінші орынды ешбір командаға берген емес, 40-тан астам СССР спорт шеберлерін дайындады. Бірінші Спорт шебері Ізбасқанов Әмір Бүкіл Одақтың студенттер жарысында Белорусияның Гомель қаласында чемпион атанды, екінші, үшінші орынға Хромов В. Және Петасюк В. ие болды. Осыларға қоса көптеген жарыстарда шеберлік көрсеткен Қуанышов Сапар, Зейнулла Теллеутаев, Израйлов Александар, Кошелев Владимир, Торгауытов Сапар, Тлемисов Д, халықаралық дәрежедегі Спорт шебері Элем кубогына 4 рет ие болтан, Европа чемпионы, КСРО чемпионы, Шымкент қаласының құрметті азаматы Дециев Бисолт секілді студенттер дәріс алды.

Кейіннен жаттықтырушы қызметін атқару барысында Қуанышов С, Хромов Б., Потлов Б., Кошелев В., Гусейнов М.Г., Ершов А., Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы деген құрметті атаққа ие болды.

Велоспорт түрінен студенттер Республика бойынша бірінші орынды ешбір командаға берген емес. Велоспорт спорт шеберлері Реутов Н., Шмелов Б., Трошкин А., Хустов А., Яковенко И., Қазақстан құрамасында болды және Бүкіл Одақтық студенттер жарысында бірінші орынды жеңіп алған.

Спорттық гимнастикадан құрама командасы СССР Спорт шеберлері Несмеянова Л.К., Асылбекова С, Егошинов В., Горбушина Т., Щербаков В. Студенттер жарысында екінші орынды жеңіп алды. Тағыда институтта күрделі дамыған жеңіл атлетика болатын. Бұл спорт түрінен де, институт құрама командасы студенттер арасында өтетін жарыстарда да айтарлықтай табысқа жетті. Құрамада көптеген талантты жеңіл атлеттер болды. Атап айтқанда 100 метрге жүгіруде Панченко А., Каримов Р., Чернова Т., Старовойтова. Ұзындыққа секіруден Ганнота М, үш қадамдап секіруден Спорт шебері Брюханчиков Н. 800-метрге жүгіруде Фомин С, Горина EL, 5000-10000 мертге жүгіруде Альметов Р., міне бұлар әр уақытта Республика чемпионы атағына ие болған спортшылар. Факультетте спорттың басқа да түрлерінен табысқа жеткен студенттер болды, күрестен О. Аяшев, Ириспанов Е., Тулеев И., Таиров Ю., бокстан Ермекбаев Т., Асқаров А., Қонақбаев С, гимнастикадан Чубаров В.

Спорт  факультетінің  түлектері  жастарды тәрбиелеудегі  өзара  еңбек жолында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы атағына ие болғандар Асқаров Ақжол (бокстан), Ганнота Михаил (жеңіл атлетикадан), Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Шайбаков Валерий (гимнастикадан), С. Көлбаев, Эм Анастас, (қол добынан) сонымен қатар қазіргі кезде қала, облыс бойынша мамандандырылған спорт мектептерінде басшылық қызметте жұмыс атқарды.

Мысалы, облыс гимнастика мектебінің директоры Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Шайбаков В., Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы жеңіл атлетика мектебінің директоры Кравченко В., Б. Саттарханов атындағы спорт мектебінің директоры п.ғ.к., доцент, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Көлбаев С, арнайы спорт мектебінің (бокс, ұлттық ойындар) директоры, п.ғ.к., доцент, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Пошымов Талғат. Спорт факультетінің түлектері Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты қызметін атқарған, педагогика ғылымының докторы, профессор Аяшев Оңалбек Аяшұлы., М.О.Ауезов атындағы ОҚМУ «Дене тәрбиесі және спорт» институтының директоры қызметін атқарған Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, п.ғ.к., профессор Қобланов Жанпейіс Нұрмаханбетұлын   айтуға болады.

Ерекше айтып кету керек Спорт факультетінің дамуына, өрлеуіне көптен-көп үлес қосқан азаматтың бірі Халықаралық педагогика академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Mapдан Баймырзаұлы Сапарбаев (1996 жылы мезгілсіз қайтыс болды).

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінің базасында 2001 жылдың 23 тамызында «Спорт» кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент М.Т.Темірханов тағайындалды.

«Спорт» кафедрасы төмендегідей екі мамандық бойынша мамандар даярлады.

  1. 031140 «Дене шынықтыру және спорт»
  2. 031240 «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру»

2004 жылы маусым айында жоғарыдағы мамандықтар бойынша 54 маман бітіріп шықты.

Қысқы мерзім ішінде ректораттың көмегімен кафедраларда оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және жаппай спорттық ұйымдастыру жұмыстары жақсы жолға қойылды.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Сенат шешімімен Шымкент иститутында 2-ші қараша 2004 жылдан бастап «Спорт» факультеті ашылды, факультет деканы болып п.ғ.к., доцент М.Т.Темірханов тағайындалды. Факультетте 3 кафедра жұмыс атқарады:

1.«Спорт пәндері» кафедрасы, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Н.Б.Шегенбаев.

2. Анатомия, физиология және бастапқы әскери дайындық кафедрасы, кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент, А.Б.Найзабеков.                                         

3.«Дене тәрбиесі» кафедрасы, кафедра меңгерушісі аға оқытушы М.К.Мамбетов.

2008 жылдың шілдесінде ҚР БҒМ шешімімен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университет базасында Академиялық инновациялық университет білім мекемесі құрылды.

Спорт факультеті «Спорт және психология» факультеті болып кеңейтілді. Факультетті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР құрметті спорт қайраткері, каратэ додан VII-дан иегері, п.ғ.к., профессор Темірханов Мұзафархан Темірұлы басқарады. Факультетте 4 кафедра жұмыс атқарады. Атап айтсақ:

  1. «Педагогика»  кафедрасы.  Кафедра меңгерушісі  2008  жылдың  үздік оқытушысы Ы.Алтынсарин атындағы төс белгінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, п.ғ.д., профессоры Сманов Ілесхан Сманұлы. Педагогика кафедрасы 5В010200 (050102)- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В010100 - «Мектептке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарын даярлайды.
  2. «Психология» кафедрасы.  Кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,  аға оқытушы Қойшиев Қалдан Елеуұлы.

Психология кафедрасы 5В010300 - «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандықтарын даярлайды.

  1. «Спорт пәндері» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі ҚР спорт шебері, п.ғ.к., доцент Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы.

Спорт пәндері кафедрасы 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды.

  1. «Дене тәрбиесі» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы п.г.к., профессор Ордабаев Нағызбек Ордабайұлы. Дене тәрбиесі кафедрасы сервистік қызмет атқарады.

2011 жылдың шілдесінде ҚР БҒМ шешімімен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты білім мекемесі құрылды.

Спорт және психология факультеті «Спорт және Өнер» факультеті болып өзгертілді. Факультетті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР құрметті спорт қайраткері, каратэ додан VII-дан иегері, п.ғ.к., профессор Темірханов Мұзафархан Темірұлы басқарады. Факультетте 2 кафедра жұмыс атқарады. Атап айтсақ:

  1. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі ҚР спорт шебері, п.ғ.к., доцент Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы.

Дене шынықтыру кафедрасы 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім бакалаврларды дайындайды.

  1. «Музыкалық білім және Бейнелеу өнері» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Әріпбаева Ляззат Шәріпқызы.
    «Музыкалық білім және Бейнелеу өнері» кафедрасы 5В010700 -«Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім бакалавры және 5В010600 -«Бейнелеу өнері және сызу » мамандығы бойынша білім бакалаврларын дайындайды.

Ерекше айтып кету керек Спорт факультетінің дамуына, өрлеуіне көптен-көп үлес қосқан азаматтың бірі Халықаралық педагогика академиясының ақадемигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Мардан Баймырзаұлы Сапарбаев (1996 жылы мезгілсіз қайтыс болды).

2015 жылдың 23 тамызында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ашылып, «Дене тәрбиесі  және әскери дайындық» факультеті құрылды. Қазіргі таңда «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық», кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Тұрысқұлов Ө., және «Дене шынықтыру» кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,  Битабаров Е.А. басшылығымен білікті маман даярлауда.

«Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» факультетінде төмендегідей мамандық бойынша мамандар даярлауда:

1. 5В010800- Дене шынықтыру және спорт;

2. 5В010400-Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру.

Жоғарыдағы мамандықтар бойынша факультетте 300-ден астам студент оқиды, әр спорт түрінен (баскетбол, волейбол, футбол, бокс, күрес, кикбоксинг, каратэ, қол добы, стол теннисі) секциялар ашылған, институтта спортпен шұғылдануға студенттерге барлық жағдай жасалған.