Институт шәкірттері - әлем Кубогының жеңімпазы

23.11.15

Институт шәкірттері - әлем Кубогының жеңімпазы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтының қос бірдей студенті  армрестлингтен әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Кеше ғана Польша жерінде аяқталған бәсекеде 4 курс студенттері Қыдырғали Оңғарбаев пен Қайырхан Шамиев өз саламақ дәрежелерінде  қарсыластарын ойсырата жеңіп, бірінші орынды иемденді. Естеріңізге сала кетсек,  білім ордасының шәкірті Қыдырғали Оңғарбаев осы жылдың қазан айында Малазияның Куала-Лумпур қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені еншілеген болатын.