Тұңғыш Президент күніне жастардың тартуы бар

25.11.15

Шымкентте Тұңғыш Президент күні қарсаңында түрлі мәдени-танымдық шаралар басталды. Әуелі өңірдің жас ақындары аламан айтысқа шығып, елдік пен егемендік тақырыбында сөз сайысқа түсті.  Ал әншілер «Ұлы дала елінің әндері» атты өнер байқауында бақтарын сынап, өнер әлеміне жолдама алмақ.   Суретшілер мен қолөнер шеберлері де көпшілікке тың туындыларын ұсынуда. Спортшылар бәсекесі де мереке көрігін қыздыра түсуде.   Оңалбай Аяшев, ОҚМПИ ректоры  -Жас ұрпақ Елбасымыздың кемеңгер екенін, Ұлы дала еліне үлкен бағыт жасағанын, елімізді алпауыт мемлекеттер қатарына, үлкен керуенге қосқанын білуі керек.