ОҚМПИ дің IT-мамандары білім беру саласындағы ақпарттық технологиялар бойынша Алматы қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты.

04.12.15

      Басқосуға еліміздің 40-қа жуық  жоғары оқу орнының оқытушылары, ІТ технологиялық  білім беру ұйымының директоры және сауда таңбасын иеленушілер қатысты. Конференция барысында оқыту процесін жеңілдетуге бағытталған ақпарттық технология саласындағы  соны жаңалықтар көрсетіліп, оны қолданысқа енгізу жайы түсіндірілді. Сондай-ақ олар халықаралық тәжірибелермен және еліміздегі жоғары оқу орындарына ІТ технологияны ендірген білікті мамандардың озық істерімен танысты. Оқу орындарына арналған аукционды бағдарламалар жайына қанықты.