Париж төрінде тағы да қазақы саз қалықтады

15.01.16

Париж төрінде тағы да қазақы саз қалықтады

 Париж төрінде тағы да қазақы саз қалықтады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты өнер және жаңа технологиялар факультетінің 1 курс студенті Сәбит Еркебұлан  Франция астанасында өткен халықаралық байқауда өнерімен көпті тәнті етіп,  екінші орынды иеленді.  Ол бұл жолы қобызда Ықыластың «Жалғыз аяқ» күйін нәшіне келтіре орындап шықты. Байқауға қазылық еткен Еуропаға танымал музыка мамандары  талантты өренге қолдау көрсетіп келе жатқаны білім ордасының  басшылығына  шексіз алғыс айтып, арнайы хат жолдады.