КЕЛДІБЕКОВ ЕРМЕКБАЙ

КЕЛДІБЕКОВ ЕРМЕКБАЙ

педагогика ғылымдарының кандидаты

Келдібеков Ермекбей  1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы Победа кеңшарында дүниеге келген.  1961 жылы осы аудандағы Фрунзе атындағы орта мектепті бітірді.

1961-1965 жылдары Шымкент педагогика институтында оқып, физика пәнінің оқытушысы біліктілігін алған. 1966 жылы  әскер қатарында болды.

1966-1968 жылдары  Қазақ химия-технология институтында оқыды. 1968 жылдың тамыз айынан 1970 жылдың шілде айына дейін ЕТК-1 маңындағы №10 ЖЖКОМ физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

1970-1971 жылдары Шымкент политехникалық техникумында физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылдың шілде айынан 1979 жылдың қазан айына дейін Шымкент энергетикалық техникумының кешкі бөлімінің меңгерушісі қызметін, ал 1979 жылдың қазан айынан 2008 жылдың маусымына дейін Шымкент энергетика техникумының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің) директоры болып қызмет істейді.

1986-2005 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ОАОО- орта арнаулы оқу орындары директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болды. 2008 жылдың маусым айынан зейнеткерлікке шығып, аталған колледжде директордың кеңесшісі қызметін атқарады.

Еңбекте жеткен жетістіктері үшін 1987 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.