ШАЛАБАЕВ БАҚЫТЖАН

ШАЛАБАЕВ БАҚЫТЖАН

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Шалабаев Бақытжан Бердібайұлы   Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,  Қантағы елді мекенінде 1953 жылы дүниеге келген. Түркістан ауданындағы  «Ұлықбек» орта мектебін 1970 жылы  тамамдап, 1972 жылы Шымкент педагогикалық институтының Физика-математика факультетінің физика және  жалпы  техникалық мамандығына оқуға қабылданған.

1977 жылы аталған мамандық бойынша физика және жалпы техникалық мамандықтарының мұғалімі біліктілігін алды. 1977-1984 жылдары Каз ХТИ-да физика кафедрасында ассисент қызметін атқарды. 1984-1987 жылдары «мұнай және газ» кафедрасында аспирант болды.

1987 жылы Ташкент қаласының химия институтында кандидаттық диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

1987-1997 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

1997-1999 жылдар аралығында ХҚТУ Шымкент бөлімінде доцент,

1999-2001 жыл аралығында Әулие-Ата университетінде оқу бөлімінің бастығы, 2001-2002 жыл аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың физика кафедрасында аға оқытушы қызметтерін атқарды.

2002-2010 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Қ.А Яссауи атындағы ХҚТУ-да доцент қызметін атқарды. 2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сай ЖОО үздік оқытушысы мемлекеттік грантын жеңіп алды.

2010-2011 жылдар аралығында ОҚМУ-дің физиканы оқытудың әдістемесі кафедрасында доцент  қызметін атқарды. 2011 жылдан ХГТУ–дің есептеу техникасы, стандарттау, сертификаттау кафедрасында  кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

  34 жылдық ғылыми- зертеу жұмыстарының нәтижесінде 60-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбегі жарық көрді. Оның ішінде КСРО-ның 2 авторлық куәлігі, физика тарихы-1 және физика тарихы-2 атты оқу әдістемелік құралы  баспадан жарық көрді. Физика пәнінің бірнеше тарауына арналған 10 бейне- мультимедиялық және электрондық оқу құралын дайындады.