Есентөреева Гүлмира Жұманқызы

Есентөреева Гүлмира Жұманқызы,

ауылшаруашылығы ғылымдарының    кандидаты

Есентөреева Гүлмира Жұманқызы 1969 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген.

1987 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының химия-биология факультетіне түсіп, оны химик-биолог мамандығы бойынша 1992 жылы бітіріп шықты.

1992-1998 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент институтының химия кафедрасында лаборант, аға лаборант, лаборатория меңгерушісі, оқытушы қызметтерін атқарды.

1998-2006 жылдары №9 мектепте химия-биология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2001-2004 жылдар аралығында аспирантурада оқыды.

2007 жылы Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының диссертациялық кеңесінде «Қаратау- Мойынқұм аймақтық жағдайында елтірі бағытындағы қойларды құйрық пішіні бойынша селекциялау нәтижелері» атты тақырыпта академик К. Елемесовтің және профессор О. Бекетауовтің жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғап,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2006 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы қызметін атқарып келеді. 25 ғылыми мақаласы, 18 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.