ТАНАБАЕВ   ҒАЛЫМЖАН

ТАНАБАЕВ   ҒАЛЫМЖАН

филология ғылымдарының кандидаты

Танабаев Ғалымжан Өміртайұлы 1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданының Әңгір ата ауылында дүниеге келді. 1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1992-1994 жылдар аралығында Төле би ауданындағы Абай атындағы орта мектепте мамандығына сәйкес қызмет істеді. 1994-1997 жылдары Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды.

            2003-2006 жылдар аралығында Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің филология пәндері кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.  2005 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06.- түркі тілдері және 10.02.02.- қазақ тілі мамандықтары бойынша  Д 53.38.01. Диссертациялық кеңесінде «Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы» атты тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2005 жылғы 15 қарашадағы  шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2006-2007 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің қазақ филологиясы кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеді. 2007-2011 оқу жылдары Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ, одан соң АИУ-дың қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы. 2011-2012 оқу жылынан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы қызметінде. «Сапа-2009» семинарында үздік баяндамасы үшін және Астанада 2009-2010 оқу жылы ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хатына ие болды.

«Іскерлік қазақ тілі», «Қазақ тілі» әдістемелік оқу құралы, 20-дан аса ғылыми мақаласы жарық көрген.