КАЖИАКБАРОВА РАУШАН

КАЖИАКБАРОВА РАУШАН

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Кажиакбарова Раушан Батыршақызы 1975 жылы Өзбекстан Республикасы, Жызақ облысы, Гагарин қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Шымкент қаласындағы №51 орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасында аға лаборант қызметінен бастап, оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін, 2004-2005 оқу жылында филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ізденушісі болып, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ергөбектің жетекшілігімен «С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» романының шығармашылық тарихы» деген тақырыптағы кандидаттық    диссертациясын 2000 жылы 25 желтоқсанда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру жөніндегі К.14.44.03 диссертациялық кеңесінде қорғады. 2003 жылы ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясының қорытындысы бойынша доцент ғылыми атағын алды.

Ізденуші ретінде қазақ әдебиетіне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. 50-ден аса ғылыми мақалалар мен еңбектер жариялаған. Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы, қазіргі қазақ прозасы мәселелеріне, қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын талдауға  арналған. С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» романының шығармашылық тарихы (2002 жыл),  Қазіргі әдеби процесс (2003 жыл), 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ прозасы (2006), Қазақ әдебиеті сынының тарихы (2007) деген еңбектері жарық көрген.

Институт тарапынан ұйымдастырылған «Жас ғалымдар кеңесі» бөлімінде ғылым жолын таңдаған жастарға бағыт-бағдар беру жұмыстарында біршама істер атқарды. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талантты жас ғалымдар үшін ұйымдастырған конкурсына қатысып, мемлекеттік ғылыми стипендия иегері болды.

Р.Б.Кажиакбарова 2011-2012 оқу жылынан ОҚМПИ қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында доцент қызметін атқаруда.