Тарихы

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

           «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы-университеттің алғашқы құрылымдарының бірі. Алғашқы орыс тілі мен қазақ тілі бір болған кафедраны Ә.Ермеков, кейін бөлінген соң 1940-1950 жылдары А.М.Финкель мен Н.Ф.Пак басқарды. 1959 жылдан бастап «Орыс филологиясы» кафедрасы «Орыс тілі», «Орыс және шетел әдебиеті» кафедраларына бөлінді. «Орыс тілі» кафедрасын ұзақ жылдар бойы белгілі ұстаздар мен тіл білімінің танымал ғалымдары И.А.Смирин, Е.А.Сидельников, Т.П.Королева, Г.Я.Дементьева, П.С.Щетинин, М.С.Бектуров, К.И.Ищанов, В.Н.Попова, П.В.Садчикова басқарған. Ал 1957-2006 жылдары «Орыс тілі» кафедрасын Т.Королёва, Г.Я.Дементьева, П.С.Щетинин, М.С.Бектуров, К.И.Ищанов, В.Н.Попова, П.В.Садчикова, Л.Довгаль (Приходько), «Орыс және шетел әдебиеті» кафедрасын И.Смирин, Е.Сидельников, П.Щетинин, А.Нестеренко, Р.Коршева, Ф.Фаткуллин, Кузнецова, К.Гарвард.С.Абдраимова, О.Сластухина, У.Абдыханов басқарды.

            2006-2011 жылдары «Орыс тілі және әлем әдебиеті» кафедрасына Н.Сандыбаева мен Ж.Калгинбаева басшылық жасады. 2011 жылы «Қазақ тілі мен орыс тілі» бірігіп, «Тіл білімі» аталса, ал қазақ және орыс әдебиеті «Қазақ және әлем әдебиеті» кафедраларына біріктірілді. 2012 жылы «Тіл білімі» кафедрасын Р.Бегалиева, 2013-2017 жылдары Д.Байғұтова, ал «Қазақ және әлем әдебиеті» кафедрасын Н.Нұрпейісов пен А.Мамыт, Қ.Сапарбаевалар басқарды. 2017-2018 оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті біріктіріліп «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Калжанова тағайындалды. Қазіргі таңда кафедрада 15 оқытушы қызмет етеді, соның ішінде 2-і филология ғылымдарының докторы, профессор Н.В.Дмитрюк пен доцент В.Д.Нарожная, 8 ғылым кандидаты, доцент-У.К.Абдыханов, А.К.Калжанова, О.А.Стычёва, Г.Б.Маханова, Г.К.Алтынбекова, Г.А.Темірбекова, М.К.Пулатова, Е.С.Мезенцева, 2 магистр Г.Е.Исабекова, Г.Б.Конкабаева кафедраның ғылыми әлеуеті -87% 2017 жылы профессор Н.В.Дмитрюк, доценттер В.Нарожная, У.Абдыханов, О.Стычёва, Г.Маханова Мәскеу қаласындағы Мариин академиясының академиктері мен корреспондент- мүшелері болып сайланды. 2018 жылы ф.ғ.к., доцент М.И. Кадеева Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры атағын алды . Кафедра ғылыми-зерттеу жұмысын тіл мен әдебиет теориясы, тіл білімі, орыс, әлем әдебиеттерінің тарихы, орыс тілі мен әдебиетінің әдістемесі, әдебиеттердің өзара байланысы мен аударма мәелелері, контрастивті лингвистика, компаративистика, ономастика сондай-ақ лингвистикалық пен әдебиеттану зерттеулері, бағдарламаларды, оқу және оқу –әдістемелік құралдарды жасау мен жетілдіру бағыттарыбойынша жүргізеді. Кафедра Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер мен ынтымақтастықта жұмыс істейді – Ресей ғылым академиясының Тіл білімі институты (Москва), Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябинск), Ресей халықтар достығы университеті (Москва), Қабарды-Балқар мемлекеттік университеті (Нальчик).