БЕЙСЕНБЕКОВ ЖАЛҒАСБЕК

Кафедра меңгерушісі

БЕЙСЕНБЕКОВ ЖАЛҒАСБЕК

педагогика ғылымдарының кандидаты,  доцент

Бейсенбеков Жалғасбек 1967 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келді. 1984 жылы №55 орта мектепті бітіріп, сол жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы бітірді.

1990 жылдан бастап Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №50 орта мектепте мұғалім, 1994 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бастауышты оқытудың педагогикалық әдістемесі факультетінде оқытушы қызметін атқарды. 1996-1997 жылдары университеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы міндетін атқарған. 1997-1999 жылдары Москва қаласындағы В.И.Ленин атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетте арнайы дайындықтан өтіп, 1999 жылы «Ауылдық мектептерде теріні көркемдеп өңдеуде үйірме сабақтарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2001 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның тәрбие ісі жөніндегі,  ғылыми істер жөніндегі орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2007 жылы ОҚО Түркістан қаласының «Нұр Отан» ХДП-сы төрағасының мақтау қағазымен марапатталған.

2011-2012 оқу жылынан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім және бейнелеу өнері кафедрасында доцент қызметін атқаруда.