БЕГДАУЛЕТОВА ҚАРЛЫҒАШ

БЕГДАУЛЕТОВА ҚАРЛЫҒАШ

философия ғылымдарының кандидаты

Бегдаулетова Қарлығаш Дүйсенбекқызы 1967 жылы Алғабас ауданы (қазіргі Бәйдібек ауданы), Боралдай елді мекеніне қарасты  Тұрақты бөлімшесінде дүниеге келді.

1973-1983 жылдары Шымкент қаласы №44 Н.Островский (қазіргі Бауыржан Момышұлы) атындағы мектепті оқып, тәмамдаған. 1983-1987 жылдары Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасында әл-Фараби ауданының күзет бөлімінде оператор қызметін атқарды.

1987-1992 жылдары М. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны тарих және педагогика мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 1988 жылы Бүкілодақтық Жастар Одағының Орталық Комитеті мен КСРО Жоғарғы және орта мамандандырылған білім министрлігінің "Үздік оқығаны үшін" ("За отличную учëбу")  куәлігімен марапатталды.

1992-2004 жылдары Қазақ химия технологиялық институтының мәдениеттану кафедрасына, 2004 жылдан бастап Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ философия кафедрасына оқытушылық қызметке қабылданды.

2007 жылы сәуір айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Д14А.01.35 диссертациялық кеңестің мәжілісінде 24.00.01 – мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша философия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін "Қазақ тарихи философиясы қалыптасуының мәдени-өркениеттік үрдістері" тақырыбында кандидаттық диссертациясын  қорғады. 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2007-2008 оқу жылында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ философия және әлеуметтану кафедрасында кафедра меңгерушісінің көмекшісі, 2008-2010 оқу жылы тарих және заң факультетінің оқу-әдістемелік жұмысына жауапты (төрайымы), 2010-2011 оқу жылының І жарты жылдығында Философия және әлеуметтану кафедрасының кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Қ.Д.Бегдаулетованың 2 оқу құралы, 2 лекциялар жинағы, монографиясы, МАБ бойынша философия пәнінен тест сұрақтары,  40-тан астам ғылыми мақалалары арнайы басылымдарда жарияланған.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының география  және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда.