​БЕРДАЛИЕВА ТІЛЛӘ

БЕРДАЛИЕВА ТІЛЛӘ

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Бердалиева Тіллә Досыбекқызы 1953 жылы Өзбекстандағы Жызақ облысы, Шымқорған кеңшарына қарасты елді-мекенде дүниеге келді. 1970-1974 жылдары Шымкент педагогикалық  институтында оқып, физика пәнінің мұғалімі мамандығын алды. 1974-1977 жылдары жолдама бойынша Жызақ облысы, Фарш ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №3 орта мектепте физика және математика пәнінің мұғалімі болып қызмет істеді.

1977-79 жылдары Шымкент педагогикалық институтында физика кафедрасының аға лаборант болып қызмет  істеді, сонымен қатар жұмысшы жастар үшін ашылған кешкі дайындық курсында сабақ берді. 1980-1981 жалпы физика кафедрасының оқытушысы, 1981-1984 кафедраның машықтанушы-зерттеушісі қызметтерін атқарды. 1984-1988 жылдары Мәскеуде Педагогикалық ғылымдар академиясының «Оқыту мазмұны мен әдістері» ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. 1988 жылы ақпан айында «Домашние работы экспериментального характера как средства формирования умений учащихся самостоятельно пополнять знания по физике» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1988 жылдың наурыз айында Шымкент педагогикалық институтына қайта оралып, аға оқытушы ретінде оқу орнындағы қызметін жалғастырды. Т.Бердалиева 1995-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының, Академиялық инновациялық университеттің физика кафедрасының доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарды.    

Жарық көрген ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің жалпы саны - 79.

   2011 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының физика кафедрасында доцент қызметін атқаруда.