НИЯЗЫМБЕТОВ АСХАТ 

НИЯЗЫМБЕТОВ АСХАТ 

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Ниязымбетов Асхат  Дүйсенбекұлы  1967 жылы ОҚО  Түлкібас ауданы Түлкібас бекеті Кемербастау  елді мекенінде дүниеге  келген.

1984 жылы Түлкібас станциясындағы №11  Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепті бітірді.

1985-1987 жылдары КСРО қарулы күштерінің теңіз флотында әскери борышын өтеді.

1988 жылы М.О.Әуезов атындағы  Шымкент педагогика институтының  физика – математика  факультетінің  математика-информатика мамандығына оқуға түсіп, аталған институтты 1993 жылы үздік дипломмен бітіріп шықты. 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтының “Алгебра және есептеуіш техникасы”  кафедрасына оқытушы болып орналасты.  1998 – 2001 жылдары  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қолданбалы математика мамандығы бойынша  аспирантурада  оқыған. 2005 жылы  Физика-математика зерттеулер орталығына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы  Механика  ғылыми-зерттеу институтында  физика-математика  ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ”Начально краевые задачи и задачи сопряжений консолидации неоднородных грунтов” деген тақырыпта диссертация қорғады. 2011 жылы ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағын алды.

2011 жылдың қыркүйек айынан бері ОҚМПИ-де  жоғары математика және физика кафедрасында доцент қызметінде.