БЕРДАЛИЕВ ДӘУЛЕТБАЙ

БЕРДАЛИЕВ ДӘУЛЕТБАЙ

физика-математика ғылымдарының кандидаты

Бердалиев Дәулетбай Тұрдалыұлы  1971 жылы Ташкент облысы, Жаңа жол ауданы, Жамбыл кеңшарында дүниеге келген.  1977-1987 жылдары Жызақ облысы Арнасай ауданындағы №4 М.Әуезов атындағы орта мектепте оқыды. Еңбек жолын 1987 жылы  Жызақ облысы, Арнасай ауданының №18 КТУ-де инструментші болып  бастады. 1988 жылы Шымкент педагогикалық институтының физика мамандығына студент қатарына қабылданды. 1993 жылы аталған мамандықты үздік бітіріп, сол жылы физика кафедрасына оқытушылық қызметке қабылданды.      1993-2011 жылдары  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының, Академиялық инновациялық университеттің физика кафедрасында оқытушы болып қызмет етті. 2006-2010 жылдары  ҚР Ұлттық  ядролық орталықтың ядролық физика институтында, радиациялық материалтану лабораториясында “Нейтрондармен және зарядталған бөлшектермен сәулеленген тот баспайтын аустенитті болаттардағы мартнеситтік түрленулерді зерттеу” тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарын жүргізді.  2010 жылы «Конденсацияланған күй физикасы» мамандығы бойынша «Исследование прямого мартенситного g®a’ превращения, индуцированного деформацией в нержавеющих сталях 12Х18Н10T и 12Х18Н9, облученных нейтронами и заряженными частицами» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылы 31 қаңтардағы шешімімен Бердалиев Даулетбай Тұрдалыұлына физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы қыркүйек айынан бастап, ОҚМПИ математика, физика және кәсіптік оқыту кафедрасының аға оқытушысы. Қазіргі уақытта Д.Т.Бердалиевтің 40-тан астам ғылыми еңбектері бар.