Тарихы

Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

МАМЫТ АМАНГЕЛДІ АЛТЫБАЙҰЛЫ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы институт өміріндегі ең байырғы кафедралардың бiрi. Оның тарихы 1937 жылы құрылған екi жылдық мұғалiмдер институтының тарихымен сабақтасып жатыр.

Т.Беисов басқарған«Тіл және әдебиет» кафедрасында«Қазақ тiлi мен әдебиетi», «Орыс тiлi мен әдебиетi» мамандары қатар даярланған. Кафедра 1939 жылы  алғашқы түлектерін ұшырды. Кейін кафедра меңгерушісі қызметін Ә.Ермеков, Т.П.Королевалар атқарды.

«Тіл және әдебиет» кафедрасын1941-1952 жылдары Әділ Ермеков, 1952-58 жылдары Рахым Барлыбаев, 1958-1963 Әбіш Байтанаев басқарды.

1958 жылы құрылған әдебиет үйірмесі өте қарқынды жұмыс істеді. 1959 жылдың қыркүйегінде және 1960 жылдың маусымында даңқты жазушы Мұхтар Әуезов кафедра оқытушылар мен студенттерімен кездесті. Сондай-ақ, ақын-жазушылар Ғабдол Сланов, Асқар Тоқмағамбетов, Төлеген Айбергенов, Асқар Сүлейменов, композитор Шәмші Қалдаяқовтармен жүздесу әсерлі өтті. Үйірме жұмысын кафедра меңгерушісі Ә.Байтанаев жүргізді.

Институт ашылғаннан бірге болған «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 1963 жылы «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» кафедралары болып бөлінді. «Қазақ тілі» кафедрасын 1976 жылға дейін Ә.Ермеков, 1976-1982 жылдары Мұқаш Жақыпбеков, 1982-1988,  1990-1992 жылдары Егемберді Ағманов, 1988-1990 жылдары Оразбек Жұмашев, 1992-1993 жылдары Молдабек Құлахметов, 1993-1999, 2000-2003 жылдары Мейірбек Оразов, 1999-2000 жылдары Бикамал Тоқтағұл, 2003-2004 жылдары Зүбайда Керімбаева, 2004-2007 жылдары Базаркүл Омар, 2007-2010 жылдары Динара Байғұт басқарды.

«Қазақ әдебиеті» кафедрасын 1973 жылға дейін Ә.Байтанаев, 1975-1987 жылдары Мүсілім Қожықов, 1987-1988 жылдары Елеусіз Құлымбетов, 1988-2002 жылдары Әмір Мұсақұлов, 2002-2003 жылдары Өміртай Танабаев, 2003-2010 жылдары  Сұлушаш Бекмырза басқарды.

2010-2011 жылы екі кафедра біріктіріліп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» аталып, кафедра меңгерушісі қызметін Динара Байғұт атқарады.

2012-2013 оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті»(Д.Байғұтова, Р.Бегалиева) және «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедралары біріктіріліп, соның нәтижесінде «Қазақ және әлем әдебиеті» (Н.Нұрпейісов, А.Мамыт), «Тіл білімі»(Д.Байғұт) кафедралары жасақталды.

 2017-2018 оқу жылында аталған кафедралар «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс және әлем әдебиеті» кафедралары болып қайта құрылды. 2016 жылдың 22-қарашасынан 2018 жылға дейінкафедраны филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, әдебиеттанушы ғалым Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы басқарды.

Кафедрадабелгілі ғалымдар Рақым Барлыбаев, оңтүстіктен шыққан тұңғыш филолог-доктор Әбіш Байтанаев, Әділ Ермеков, Зейнеп Садуақасова, Мүсілім Қожықов, Бибігүл Кәтембаева, Мырзай Алтынбекова, Мұқаш Жақыпбеков, Егемберді Ағманов, Мұхитдин Сражиев, Әдіхан Ахабаев, Иса Төлеев, Оразбек Жұмашев, Әмір Мұсақұлов, Өміртай Танабаев, Мейірбек Оразов, Елеусіз Құлымбетов, Гүлзай Смағұлова, Құдайберген Маханов, Тілеулес Байғожаева, Сұлушаш Бекмырза, Маржан Есжанова т.б. ұстаздар қызмет атқарды.

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ, «Сырдария» университеттерімен ғылыми-әдістемелік байланыс орнатылған.

Көптеген түлектеріміз ұстаздары сияқты ғылым жолын таңдады: белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісалиев, ф.ғ.д., профессор Болат Байтанаев, ф.ғ.д., профессор Талғат Сайрамбаев, п.ғ.д. профессор Амангелді Жаппаров, ф.ғ.д., профессор Есенгелді Керімбаев, т.б. атауға болады. Сондай-ақ халық жазушысы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты, ақын-сазгер Исрайыл Сапарбаевты, Ханбибі Есенқарақызын, Нармахан Бегалыұлын, Молдахмет Қаназды,  Жарылқасын Боранбаевты, Әбілда Аймақты, Әмзе Қалмырзаевты, Әкім Ысқақты, Бақытжан Алдиярды, айтыскер ақындар Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова мен Анар Жаппарқұлованы кафедра мақтан тұтады.

Кафедра «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша білім бакалавларын даярлайды.

Барлығы 21 оқытушы-профессор еңбек етеді.  Олардың ішінде 5 доцент, 12 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 1 PhD, 3 магистр-оқытушы бар. Кафедраның ғылыми әлеуеті – 86%.

Тіл теориясы мен тарихын, тілді оқыту әдістемесінің жаңа әдіс-тәсілдерін үйренемін деген студенттерге арналған “Зерде” атты лингво-әдістемелік үйірме жұмыс жасайды. Осы үйірмеден шыңдалып шыққан студенттердің ғылыми жобалары республикалық байқауда орын алуда.

Төл әдебиетімізге құштарлығы бар шәкірттерді әдебиетке ұмтылдыру және талабын шыңдау мақсатында кафедра жанынан құрылған «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігі жас ақын Маликова Ақерке Әділханқызының жетекшілігімен жұмыс жүргізіп келеді. «Сыр сандық»  бірлестігінде  бүгінгі таңда Серік Сандуғаш, Сарманова Лаура, Апсаттар Мақпал, Ділдәбек Ерасыл, Тайыр Мағжан, Қасқарбек Мереке, Бекжұма Нарбай т.б.  жас қаламгерлер шығармашылық еңбектерімен танылуда.

Бұл күнде кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., фольлортанушы ғалым Мамыт Амангелді Алтыбайұлы басқарады. Кафедрада 17 филология ғылымдарының кандидаттары, оның ішінде 4 доцент, 2  доцент міндетін атқарушы, 12 аға оқытушы, 1 PhD докторы  және  8 магистр-оқытушы қызмет атқарады.

Тәжірибелі ұстаздар филология ғылымдарының кандидаттары, доцент Б.Қ.Омар, кешкі бөлім деканы Н.Ж.Нұрпейісов, Қ.С.Алтынбеков, А.А.Мамыт, доцент Ж.Ибрагимова, доцент А.Г.Құрбанов, доцент Р.Б.Кажиакбарова, Ғ.Ө.Танабаев, Д.Н.Байғұтова, университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.М.Байғұтова, Ұ.Ж.Қайырбекова, Т.Қ.Омаров, Ш.Д.Әділова, аға оқытушы А.С.Пазылова, филология факультетінің деканы А.А.Жаппарқұлова, Қ.А.Үкібасова, ғалым-хатшы ҚСапарбаева, университеттің ғылым және инновация жөніндегі проректоры Р.Н.Бегалиева, А.П.Мыңбаева, Ж.І.Молданова, Ж.С.Қуанбаева, Г.Шазылдаева, А.Ә.Маликовалар, А.Айдарова, Г.Мамасерік, Б.Ельчибеков, Б.Нуриманов  абыройлы еңбек етуде.

 

Кафедра дайындайтын мамандықтар:

  • 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В012100–Қазақтіліндеоқытпайтынмектептердегіқазақтілі мен әдебиеті.

 

  • 5В020500-Филология

       Кафедра төмендегі ЖОО-мен байланыс орнатты:

– М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ.)

– Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ.)

– Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.)

– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Астана қ.)

  • Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті (Алматы қ.)

–Сырдария университеті (Жетісай қ.)