ҚОБЛАНОВ ЖАНПЕЙІС

ҚОБЛАНОВ ЖАНПЕЙІС

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

 Қобланов Жанпейіс Нұрмаханбетұлы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылында дүниеге келді. 1984 жылы Шымкент педагогикалық  институтын, 2003 жылы  Алматы экономикалық университетін бітірді.

1984-1986 жылдары  Шымкент дене тәрбиесі техникумының  мұғалімі, 1986-1991 жылдары Шымкент дене тәрбиесі   техникумында   күндізгі бөлім  меңгерушісі, директордың орынбасары болып жұмыс жасады. 1991-2003 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің деканы қызметін атқарды.

1997 жылы «Активизация позновательной деятельности будущих учителей физической культуры» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасының  мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, спорт  істері комитетінің Өскемен қаласындағы қысқы спорт түрлерінен «Олимпиадалық даярлау орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорынның директоры, 2006-2009 жыл аралығында  М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, Дене тәрбиесі және туризм институтының директоры, 2009-2011 жылдары Қ.Мұңайтпасов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық спорт мектеп-интернаты директорының спортты іріктеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2011 жылдан бастап Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының қаржы жұмыстары және халықаралық қатынастар  жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. Халықаралық психология академиясының корреспондент мүшесі. «Астананың10 жылдығы», ҚР БжҒМ-нің Ы.Алтынсарин медалімен, ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталған және ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан ұлттық Олимпиада Комитетінің құрмет белгісімен марапатталған. Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ОҚО Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, ҚР «қазақ күресі» түрінен спорт шебері деген атақтардың иегері.