ОҚМПИ-де «Қоғамдық кәсіптер даярлау» орталығы ашылды

22.01.16

ОҚМПИ-де «Қоғамдық кәсіптер даярлау» орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшевтің бастамасымен оқу орнында «Қоғамдық кәсіптер даярлау» орталығы ашылды. Оның негізгі мақсаты –түрлі ұжымдарда әлеуметтік-мәдени, тәрбие және сабақтан тыс жұмыс жүргізуге дайын «жаңа буын» ұстазын даярлау. Қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыру  мақсатында құрылған орталық заманауи технологияларды пайдалану арқылы сабақтан тыс уақытта студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау, олардың адамгершілік, азаматтық тұлғасын қалыптастыруды көздейді. Орталықта компьютер курсы, бейнелеу өнері, ән-вокал, ұлттық аспаптар, сәндік өнер, ұлттық аспаптар жасау, КТК, айтыс, тігін, фотосурет және би секілді 11 үйірме жұмыс істейді.  Үйірмелер бойынша жоспарланған курсты игерген студенттерге сертификат беріледі.

 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.