Ізгілік жолындағы шаһар

26.01.16

  Ізгілік жолындағы шаһар

 Облыстық «Отырар» кітапханасында  өткен  әдеби музыкалық кеш осылай аталды. Оған ОҚМПИ-ның  Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Т.М. Руяткина да қатысты. Мәдени шара «Үлкен ел-үлкен отбасы» жобасы, славьян  орталығының құрылғанына 25 жыл және ақын, журналист Ю. Кунгурцевтың  туылғанына 80 жыл толу мерейтойына арналып ұйымдастырылды. Кеш барысында  облыс әкімдігі мен кітапхана қызметкерлері және облыстағы «Южный Казахстан» газетінің  журналистері сөз өйледі. Мұнан соң Т. М. Руяткина жиылған көпшілікке славян мәдени орталығының алғашқы төрағасы, оқу ордамыздың ардагері Н. П. Подушкин  туралы естілігін айтып берді. Кешке жиылған қауым сондай-ақ «Романсиада» байқауының жүлдегері Қарлыға Бердияр мен Алекстандар Кротовтың жетекшілігіндегі орыс халық аспаптар ансамблінің өнеріне де қол соқты. Студенттер Ю. Кунгурцевтың  өлеңдерін оқыды.