Тарихы

Тарих және педагогика факультеті

Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтының 15 күні өткен №10 Ғылыми кеңес шешімімен және институт ректорының маусым айындағы 1/162 бұйрығы негізінде тарих және педагогика факультеті болып қайта құрылды.
Факультеттің негізін құрайтын «Тарих және педагогика» факультетінің тарихы 1937 жылы 19 наурыздағы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің № 203 қаулысының негізінде құрылған екі жылдық мұғалімдер институтының ашылуынан басталды. 1965 жылы 12 шілдеде Республиканың жоғары және орта білім министрлігінің № 381 бұйрығы бойынша алғаш «Тарих-филология» деп аталған факультет «Тарих» және «Филология» деп аталған екі факультетке бөлінді. Осы уақыттан бастап, тарихшы және педагог мамандарды даярлайтын факультеттің дербес тарихы қалыптаса басталды. Факультетті осы жылдар бойынша И.Щетинин, Р.Барлыбаев, Ә. Ыбыраев, П.Т.Тілепов, Қ.Ж.Оразов, М.А.Ауанасов, Қ.І.Ізтілеуов, С.С.Әбубәкіров, М.Жолдасов, Б.Қ.Исабек, Б.Қ. Сапарбаев сияқты білікті, белікті ғалымдар басқарды.

Қазіргі уақытта Тарих және педагогика факультетін педагогика ғылымдарының докторы, доцент Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы басқарады.

Тарих және педагогика факультетінің құрамында төрт кафедра бар. Олар «Жалпы педагогика және психология», «Қазақстан және әлем тарихы», «Арнайы педагогика», «Әлеуметтік пәндер».

Факультетте мына мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

- 5В012300 - «Әлуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

- 5В011400-«Тарих»

- 5В010300-«Педагогика және психология»

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 61, оның ішінде ғылым докторлары мен профессорлары - 10, ғылым кандидаттары мен доценттер - 31, аға оқытушылар, ғылым магистрлері мен оқытушылар саны - 20 .   

Тарих және педагогика факультетінің дамуына көптеген үлесін қосып еңбек етіп жатқан ғалымдар: т.ғ.д., профессор, белгілі археолог А.Н.Подушкин, т.ғ.д., атақты тарихшы С.Жолдасов, п.ғ.д., профессор А.Ш. Досбенбетова, п.ғ.д., профессор Қ.Ж. Қарақұлов, п.ғ.д., профессор Л.С. Сманов, п.ғ.д, профессор А.Б. Нұрлыбекова, п.ғ.к., доцент К.Н. Қаражігітова, т.ғ.к., доценттер, С.С.Әбубәкіров, Г.Д.Сүгірбаева, Б.Қ.Исабек, п.ғ.к Қойшиев және т.б.

Факультеттің ұжымы білім беру сапасын жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланып, оқулықар мен электронды оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дайындауды тиімді жүзеге асыруда. Факультеттің ОПҚ-ы алыс және жақын шетелдердегі, Қазақстан Республикасы аумағындағы халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды.

 

from