ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР- «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ   ЖОСПАРЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛДЫ

11.03.16

ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР- «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ   ЖОСПАРЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛДЫ

      2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасы -«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру қолға алынды. Қазақстан жаңа қоғамға аяқ басты. Келесі Президенттік сайлауға дейін, яғни алдағы бес жылда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғамдық өмірімізге толықтай енетін болады. Аталған реформа қоғамдық жүйемізді жаңа сапаға көшіруге, өмірімізді одан әрі жеңілдетуге арналған.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы- ның қызметкерлері «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасын әзір-лепті. Жоба-Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруда  нақты идеяларға серпін беру мақсатында бас-талған игі шара екен. 2015 жылдың қазан айынан бастау алған екі күндік семинар-тренинг барлық жоғары оқу орындарынан, жалпы білім беретін мектептердің, колледж, лицейлердің дарынды оқушылары, оқу озаттары, белсенділері арасында 2016 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өтіп отырады.

      Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшұлының тікелей қолдауымен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді 23 студент іріктеліп алынып, топ  құрылды. Олар наурыздың 1-2 жұлдызында өткен екі күн еліміздің белгілі ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлары жүргізген семинар-тренингтерге қатысты. Семинар-тренингтер Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған.

     Иә, Тұңғыш Президент кітапханалары әлемде жалпы саны 14 шақты. Мұндай кітапхана ел дамуына едәуір қызмет еткен, реформатор мемлекет басшысына арналып салынады екен. Кітапханада мемлекет басшысының еңбектері, жетістіктері зерделеніп отыратын орталық болуы тиіс. Елбасы Н.Назарбаев туралы 100 ден аса отандық және шетелдік саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері еңбек жазыпты. Солардың барлығы кітапханаға қойылған. Солардың ішінде ОҚМПИ ректоры, белгілі қоғам қайраткері Оңалбай Аяшұлының жетекшілігімен жарық көрген «Елбасы сүйген Оңтүстік» атты еңбек көзімізге оттай басылды.     

      Тұңғыш Президент кітапханасы директорының орынбасары Жапсырбай Қуанышев: «Жастарға алдымен тәрбие берілуі тиіс, осы мақсатта біз  «Әлемді өзгертетін идеялар» атты білім беру жобасының орындалу аясында «Кемел Ел» атты патриоттық тәрбие орталықтарын құруды көздеп отырмыз. Оның жобасын барлық білім беру ұйымдарына жіберетін боламыз» деді.

    Семинарға қатысқан ОҚМПИ студенттеріне «Елбасының бес институцион-алдық реформасы» тақырыбы бойынша оқу курстарын өткені туралы арнайы сертификаттар мен сыйлықтарды кітапхананың атқарушы директоры Жума-беков Бейсенбай табыстады. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсе-сінің бастығы, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы-ның кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы Махмұт Қасымбековтің қолы қойылған «Алғыс хат» студенттері белсенді қатысқан жоғары оқу орнының басшыларына беріледі екен. Ал ОҚМПИ  студенттері өз ректорының атына берілген осындай «Алғыс хатты» зор қуанышпен қабыл алды. «Сіздердің студенттердің аты-жөндері де басқа үлгілі ЖОО ның студенттері секілді кітапхана мұражайында мәңгілік сақталып қалады» деді атқарушы директор Б.Жумабаев.
       Сертификат тапсыру барысында семинар-тренингке қатысқан студенттер өз пікірлерін білдірді. 3 курс студенті Есенбекова Салтанат: «Біз, көптеген қажетті мағлұматтар жинадық. Екі күн ішінде алған тәжірибемізді өз құрбы-құрдастарымызға насихаттаймыз. Еліміздің отаншыл азаматы болуға дайын-быз. Ең алдымен осындай мүмкіндік туғызған Елбасына және институт бас-шыларына алғысымды білдіремін...» деді. Басқа пікір білдірушілер де осын-дай жалынды ойларын білдіріп жатты.
    Сонымен қатар, студенттерді кітапхана қызметкерлері Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсияға алып барды. Айтап айтсақ, Ұлттық мұражай, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана опера театры, Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке және Байтеректі аралады. 

 

ОҚМПИ аға оқытушысы, т.ғ.к,

топ жетекшісі Б.С.Айтай

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.