Педагогика

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Арзымбетова Шолпан  Жаксылыковна

Кафедра тарихы

     «Педагогика» кафедрасы«Педагогика және психология» кафедрасынан 2018 жылдың 3 қыркүйегіндегі Ғылыми Кеңестің №1 шешімімен жеке кафедра болып құрылды.   5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықты бойынша бакалаврларды дайындайды. Кафедрада  ғылым докторлары, кандитат, доцент, аға оқытушы мен магистр оқытушылар жұмыс жасайды.  Ғылыми әлеуеті – 43%. Қазіргі таңда кафедраның білім қызметінің құрылымы мемлекеттік жалпыға бірдей стандарт мазмұны, мемлекеттік қызмет бақылау талаптары, әлеуметтік мемлекеттік саясат қағидаларына сай материалды-техникалық базаның дамыған жағдайында жүзеге асырылып отыр. Арнаулы кабинеттер мен дәрісханалар заманауи жабдықтармен (компьютер, интерактивті тақта және т.б.) жабдықталған.

       Білім беру барлық мамандықтарда мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Академиялық ұтқырлық бойынша факультет Польша, Түркия, Болгария, Ресей елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алыс және жақын шетелдерде біліктілігін арттырып, тағлымдамадан өтуде. Студенттердің шетелдерде білім алуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік жасалған.

     Педагогика кафедрасы п.ғ.к., доцент Ш.Ж.Арзымбетованың басшылығымен қазіргі уақытта университет басшылығынан жүктелген тапсырмаларды сәтті орындап кафедра мүмкіншілігі мен міндеттерін арттыруда.

Кафедра берілген мамандық бойынша қызмет көрсетеді:

Бакалавриат:

5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Педагогика кафедрасының құрамы

Кафедра оқытушылары және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы» студенттері. «Ұлы кемеңгер ұстаз – К.Н.Каражігітова» 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шара