Ректордың үндеу

Қадірлі әріптестер мен достар!

     Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты сайтында кезіктіргеніме қуаныштымын.

     Тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Жоғары мектеп толығымен әлемдік тәжірибеде қабылданған дайындықтың 3 деңгейлі моделіне өтті; ол: бакалавр – магистр – философия докторы (PhD). Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл еліміз үшін үлкен мәні бар, барынша дамыған мемлекеттер қоғамдастығына кіруді алдына мақсат етіп қойған құжат болып табылады.

     Осы институт қабырғасынан өмірге жолдама алған сан мыңдаған ұстаздар – біздің Институтымыздың мақтанышы мен намысы: олар ғылым, білім, өнер,  спорт салаларында қажырлы еңбек етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар біздің мемлекетімізді саяси аренада да лайықты көрсете алатын жандар.

     Қайтадан ашылған институттың басты мақсаты – Қазақстанда білім беруді дамытудың стратегиялық міндеттерін өмірге ендіру, еліміздің және жеке тұлғаның индустриялық-инновациялық даму міндеттерін, еңбек нарқы қажеттілігін қанағаттандыруда жоғары білім беру сапасының жоғары деңгейіне жету және білім беру саласында әлемдік озық тәжірибелерге сай болу.

     Біз, Сіздерді жоғары білім алуға  шақырамыз және Сіздерді оқу орнымызда көруге қуаныштымыз!

Құрметпен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев.