Ғашықтық ғаламаты

15.04.16

Ғашықтық ғаламаты

ОҚМПИ-да ғашықтар күніне орай "Махаббат-мәңгі ертегі" деген тақырыппен әдеби музыкалық кеш өтті. Студенттер көрнекті  жазушы-драматургтердің  сүйіспеншілік, ғашықтық сезімін арқау еткен көркем туындыларынан үзінділер сахналады. Ал жас ақындар іңкәрлік  сезімге толы лирикалық жырларын оқыды. Өнерге енді ғана қадам басқан жас  әншілер болса,  мәңгілік сезімнің  өшпес алауы -махаббат тақырыбындағы әндерді шырақады.  Әдеби музыкалық кештен білім ордасында оқитын мүмкіндігі шектеулі студенттер  де шет қалған жоқ. Әсіресе, жастай көз жанарынан айырылған   Айнұр Смандиардың сызылта салған әні жүректерді шымырлатты. Өнерлі бойжеткен қазір білім ордасының 1 курсында білім алады.  

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.