Қажетті құжаттар

Жоғары оқу орнына түсуге қажетті құжаттар тізімі

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
кешенді тестілеуге қатысу және
ЖОО-ға түсу үшін

 

 1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

 2) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

 3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

 4) ҰБТ сертификатын;

 5) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

6) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

7) мекен-жай анықтамасы.