Досымхан РАХЫМБЕК

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ПҒА академигі

 Досымхан РАХЫМБЕКТІҢ

                                                     Ө М І Р Б А Я Н Ы

         Д. Рахымбек 1947 жылы 30 сәуірде Төлеби ауданы, Зағамбар елді мекенінде туылған.

         1966  жылы Шымкент қаласындағы N 51 орта мектепті бітірген.

         1970 жылы Шымкент педагогика институтының «математика» мамандығын үздік дипломмен бітіргеннен кейін, 1970-1973 жылдары Шымкент қаласы  Жамбыл атындағы N 26 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі,  1973-1993 жылдар аралығында Шымкент педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.

1993-1995 жылдары Шымкент дене тәрбие институтында кафедра меңгерушісі,  ал 1995-1997 жылдары доктарантурадан тыс докторлық диссертация дайындау үшін аға ғылыми қызметкерлікте болды.

         1998 жылдан М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының   доценті, кафедра меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

         2013 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық иниститутының профессоры.

         1978-1981 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтының аспирантурасында оқыды.

         1984 жылы Киев қаласындағы Украина педагогика ғылыми-зерттеу  институты жанындағы Арнайы Ғылыми Кеңесте математиканы оқыту әдістемесінен кандидаттық дисертация қорғады.

         1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде 13.00.02 - математиканы оқыту әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған. 2002 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі  Жоғары Аттестациялық Комитетінің шешімімен  профессор ғылыми атағын берген.

         2014 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ТОЛЫҚ МҮШЕСІ (академигі) болып сайланды. 

         Досымхан Рахымбектің ғылыми зерттеу жұмысы мектеп математика курсын оқыту мен математика мұғалімінің кәсіптік дайындығы мәселелеріне бағытталған. Оның 250-ден асатам ғылыми-әдістемелік еңбектері  жарық көрген. Ол  2 монографияның авторы: «Оқушылардың логикалық-методологиялық білімдерін жетілдіру» (1998), «Мектеп математка курсында дәлелдеуге үйрету» (2009). 30-дан артық оқу-әдістемелік құралдар дайындаған:  «Математиканы оқытудың дербес әдістемесі: арифметика, алгебра және анализ бастамалары» (2015), «Ықтимималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқыту әдістемесі» (2012), «Геометрияны оқыту әдістемесі (планиметрия) (2013), «Геометриялық салу есептері» (2015), «Алгебралық және тригонометриялық өрнектерді түрлендіру» (2015), т.б.

         Д.Рахымбектің ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты дайындалған.

         Екі мәрте (2007, 2014) «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атағының иегері. 

         Кафедрада математиканы оқыту әдістемесі, элементар математика пәндерінен лекция және практикалық сабақтарды ғылыми әдістемелік жоғары деңгейде жүргізеді, студенттердің курстық және дипломдық жұмысына басшылық жасайды. Магистрантар мен доктаранттардың диссертациялық зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік етеді.

         Жанұя басшысы. Үш ұл, бір қызы және он немересі бар.