Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығы

Байырбекова Лаззат МырзаханқызыОрталықтың бастығы

        Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығының тарихы 1986 жылдан басталады. Сол кездері орта мектептерде «Информатика және есептеуіш техникасы» пәні сабақ ретінде енгізілді. Сондықтан мектептерге информатика мұғалімдерін дайындау мақсатында институттың оқу процесінде КУВТ (оқу-есептеуіш техникасы кешені) қолдану мақсатында қажетті техника құралдары ретінде есептеуіш техникаларымен, соның ішінде алғашқы компьютерлермен жабдықтау басталды. Есептеуіш техникасын ғылым мен білім беруде Оңтүстікте ғана емес, Республикада алғаш болып қолданған ғалым ф.-м.ғ.к., ф.ғ.д., профессор Қалдыбай Бектаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Оның басшылығымен «Алгебра және ЕТ» деген кафедра ашылып, оның ашқан жаңалығы - тіл білімі мен есептеу техникасын ұштастырып, статистикалық лингвистиканың негізін салды, ғылымда Қ.Бектаевтың мектебі деген атауға ие болды. «Алгебра және Есептеу техникасы» кафедрасы информатика пәні мұғалімдерін, өз ісінің мамандарын даярлап жатқандықтан, осы кафедраның жанынан оқу процесін техника құралдарымен жабдықтау үшін арнайы лаборатория ашылып, жұмыс істей бастады. Лаборатория 1994 жылы «Алгебра және есептеуіш техникасы» кафедрасынан бөлініп, оқу әдістемелік бөлім ретінде жеке жұмыс істеді. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі ф.-м.ғ.к. Б.Сариев болды. Оқу-әдістемелік бөлім 1996-2011 жылдары «Компьютер орталығы», «Есептеу орталығы», «Инновациялық технологияларды ендіру және ақпараттық сараптама орталығы» деп аталып, оған п.ғ.к Р.Қадырбаева, П.Алтынбекова, ф.-м.ғ.к. М.Сарыбаев, ф.ғ.к. Қ.Мамаев жетекшілік етті.   2013 оқу жылынан бастап орталықтың атауы «Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығы» болып өзгертілді. Орталықты көп жылғы тәжірибелі маман, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының І. ІІ. ІІІ деңгейлі бағдарламасын толық меңгерген, Кембридж Емтихандар Кеңесінің шешімі бойынша тренерлік сертификатын иегері Л.Байырбекова басқарады. Орталықта білікті мамандар АТ желісінің бас администраторы А.Раманкулов., ДБ бас администраторы Каламбаев. А., баспахана меңгерушісі Н.Аблаев, инженер бағдарламашы Н.Чижевский, инженер электроншылар Кадарбаев. Е.,инженер жүйелеуші ​Толек. Н, инженерлер Нурлыбаев. Н., Бердыбеков. О., Орынбасаров. Н.  және операторлар Сембекова. Г.,  А.Ярмухамедова, Есенбаева. А., Орал. А.  жұмыс жасайды.

2011 жылдан бастап осы күнге дейін институтта 27 компьютер класы мен 42 мультимедиялық кабинет жасақталды. 2013 жылдың қарашасында институт студенттері мен оқытушылары Бірінші Президент өмірі мен еңбек жолымен танысуға мүмкіндік беретін Қазақстанның Бірінші Президенті Н.Ə.Назарбаев атына ғылыми-инновациялық кабинет ашылды. Интернетке қосылудың жоғары жылдамдығы мен жаңа технологияларды қолдану интербелсенді тұсаукесер жасауды, онлайн-семинарлар мен видеоконференциялар ұйымдастыруды жүйелі жүргізіп отыруға мүмкіндік берді. Интернет желісінің жылдамдығы туралы мəліметтер. Интернет ресурстарына кіру мүмкіндігі бар, интернет жылдамдығы ID NET 100Мб/с.

           Қазіргі таңда институтта 733 бірлік компьютер техникасы, соның ішінде 503-і (corei5 – 98 шт., corei3 – 124 шт., corei7 – 281 шт.,), персональды компьютер, 25 ноутбуков (corei5 – 20 шт., corei7 – 5 шт.,), 205 моноблок. Сонымен қатар компьютерлік техникадан 20 сканер, 122 бірлік. МФУ (ксерокс, сканер, принтер), 100 лазерлі принтер, 9 түрлі-түсті принтер, 2 3D-принтер, 4 мультимедиялық подиум, А3 форматты 10 ксерокс, 69 интерактивті тақта, жылжымалы 10 мультимедиялық проектор, 2 ламинатор, 4 сервер, 1 сандық фотоаппарат, 1 сандық видеокамера т.б. бар. Барлық техника заманауи үлгіде.

          Сонымен қатар институтта 15-20 тыңдаушыға арналғ,ан 7 дана Mindstorms Education EV3 LEGO роботтарымен жабдықталған  робототехника лабораториясы бар

 Институт студенттеріне оқу процесі барысында уақыт талабына сәйкес, кең жолақты интернетті пайдалану арқылы заманауи технологиялармен сапалы білім алуға мол мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалған.

Ақпараттық және инновациялық технологиялар орталығының негізгі бағыттары:

- қызмет көрсету секторы (оқу процессіне қызмет көрсету, компьютерлік техниканы жөндеу);

- бағдарламалық қамтамасыз ету секторы (интернет желісінің жұмысын қадағалау, инновациялық технологияларды ендіру және компьютерлер мен серверлерді программалық қамтамасыз ету);

- баспахана секторы (бланк, журналдар, силлабустар, марапаттау қағаздары, оқу әдістемелік құралдар шығарады);

- байланыс секторы (бейнеконференc байланыстарын өткізу).