Менеджмент және Мониторинг бөлімі

                                                                                                                   Абишева Роза Джанысбековна

                                                                                            бөлім бастығы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент  

                                                       

   

Менеджмент және мониторинг бөлімі

 ХС ИСО 9001:2008 стандарттарының талаптарына сай білім беру және ғылыми жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты  басшыларының ұсынысы бойынша «Сапа менеджменті жүйесі» бөлімі (СМЖБ) 14.11.2011 жылы институт ректорының № 4-08 бұйрығымен ашылып, өз қызметін жүзеге асырып келді. Институттың ұйымдастыру құрылымына өзгерістер енгізу туралы 29.08.2013 ж. № 4-99 бұйрығы бойынша «Сертификаттау және аккредиттеу» бөлімі болып өзгертілді. Бөлімді техника ғылымдарының кандидаты, доцент Абишева Роза Джанысбековна басқарады.

Негізгі міндеттері:

1. ОҚМПИ сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) ұдайы жетілдіру;

2. Құрылымдық бөлімшелерде ОҚМПИ сапа саласындағы саясатын және мақсаттарын жүзеге асыру;

3. ОҚМПИ  СМЖ құжаттарын әзірлеу, жүргізу және ендіру;

4. Сапа менеджменті саласында ОҚМПИ қызметкерлері мен студенттердің  ақпараттандыру және құзіреттілік деңгейін арттыру;

5. Аккредитациялау (бағдарламалық және институционалдық) бойынша дайындық жүргізу және жұмыстарды ұйымдастыру.

        ОҚМПИ Менеджмент және Мониторинг бөлімі (МжМБ) өз қызметінде қолданыстағы ҚР заңдары мен заңдылықтарын, ХС ИСО 9001:2008 талаптарын, институт Жарғысы мен локальды актілерін басшылыққа ала отырып, Сапа бойынша Басшылық Өкілі мен Үйлестіру кеңесінің шешімдерін жүзеге асырады.

 Білім беру үдерісінің сапасын мониторингілеу мақсатында МжМБ жыл сайын жоспарға сәйкес институт көлемінде  СМЖ ішкі  және сыртқы аудиттерді жүргізеді.

 ХС ИСО 9001:2008  талаптарына сай, сертификаттаушы орган Русский Регистр-Евразия «РРЕ» ЖШС сыртқы аудиттен сәтті өтуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 2012 жылдың 7 маусым  күні № 12.0522.026 сертификатына ие болды.

Русский Регистр-Евразия «РРЕ» ЖШС сертификаттаушы органының 2012 жылдың ЖОО арасындығы рейтингі бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына «СМЖ Үздік ЖОО » атағы берілді.

ОҚМПИ  ХС ИСО 9001:2008  4, 5, 6, 7, 8 баптарының талаптарына сәйкес және ішкі аудитті жүргізудің әдістері мен технологиялары бойынша институт қызметкерлеріне жүйелі түрде оқыту семинарлары ұйымдастырылады.

     2014 жылдың қыркүйек айынан бастап институтционалды және 23 мамандық бойынша бағдарламалық аккредиттеу бойынша «Независимое казахстанское агентство по обеспечению качества в образовании (НКАОКО–IQAA)» тәуелсіз аккредиттеу агенттігімен келісім шарт жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.

Мониторингтің негізі мақсаты: Институт жұмысын жетілдіру, қызметкерлердің педагогикалық және ғылыми жұмысының нәтижелілігін ынталандыру, шығармашылық бастама мен кәсібилікті дамыту мақсатында білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу.

 

 

ОҚМПИ-дағы аккредитация

 ОҚМПИ  2015 жылы халықаралық  институционалдық  және 23 мамандық  бойынша мамандандырылған  аккредиттеу аясында  БСҚА жүргізген сыртқы аудиттен сәтті өтті (ҚР БҒМ 2012ж. 27 маусымдағы №БҒМ-001 сертификаты)

ОҚМПИ 2015 жылдың 2-4 сәуірінде БСҚА-ның институционалды аккредитациясынан өтті. Институционалдық аккредитацияның тіркеу нөмірі: IA №0057. Куәліктің беру күні: 205.04.2015ж. Жарамдылық мерзімі: 5 жыл.

1-кластер – Мамандандырылған аккредитацияның куәлігі SA №0052/1.  25.04.2015ж., 5 жылға дейін жарамды;

1. 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу                                                             

 2. 5В010200- БОПӘ                                                             

3. 5В010600-Музыкалық білім                                                                

4. 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу                 

5. 5В010800-Дене шынықтыру және спорт

2-кластер – Мамандандырылған аккредитацияның куәлігі SA №0052/2.  25.04.2015ж., 5 жылға дейін жарамды;

1. 5В010400-БӘД

2. 5В012000-Кәсіптік оқыту

3. 5В010300-Педагогика және психология

4. 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

5. 5В010500-Дефектология

6. 5В011400-Тарих

3-кластер – Мамандандырылған аккредитацияның куәлігі SA №0052/3.  25.04.2015ж., 5 жылға дейін жарамды;

1. 5В010900-Математика

2. 5В011000-Физика

3. 5В011100-Информатика

4. 5В011200-Химия

5. 5В011300-Биология

6. 5В011600-География

4-кластер – Мамандандырылған аккредитацияның куәлігі SA №0052/4.  25.04.2015ж., 5 жылға дейін жарамды;

1. 5В011500-Құқық және экономика негіздері

2. 5В011900-Шет тілі:екі шет тілі

3. 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

4. 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті                                                                                                                                                                                                                

5. 5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті

6. 5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті