Оқу әдістемелік бөлімі

Бердалиев Даулетбай Тұрдалыұлы 
оқу-әдістемелік бөлімінің  басышысы
физика- математика ғылымдарының кандидаты 


Оқу-әдістемелік бөлімінің тарихы

Институтымыздың ашылған алғашқы 1937 оқу жылынан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша оқу процесіне сәйкес оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру және сабақ кестесін реттеу жұмыстарын жүргізетін мамандар қызмет атқарған. Мысалы, 1960 жылдары Ахметова Ляля Салиховна сынды қызметкер. 1980 жылдары институттың оқу бөліміне басшылық қызметті Вахтель Иван Иванович, Әлжанов Серік Саниевич, Серокко Инда Петровна, Тұртабаев Сәрсенбек Қойшыбайұлы, Орманов Нұрлан Керімбекұлы, Дайырбеков Серік Сансызбайұлы атқарды.

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ашылған жылы оқу-әдістемелік бөлімі құрылып, басшысы қызметін п.ғ.к., доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлы, 2012-2014 оқу жылдары г.ғ.к., доцент Мамадияров Марат Дүйсенұлы, 2014-2016 оқу жылдары аралығында ф.ғ.к. Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы атқарды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап оқу-әдістемелік бөліміне басшылық қызметін ф-м.ғ.к.  Бердалиев Даулетбай Тұрдалыұлы атқаруда.

Оқу-әдістемелік бөлімінің құрамында:

  • Оқу процесін жоспарлау және әдістемелік секторы
  • Диспетчерлік сектор 
  • Үш тілде білім беру секторы
  • Студенттік кеңсе секторы

Оқу процесін жоспарлау және әдістемелік секторы оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстары бойынша сапалы мамандар даярлауды сараптау, оқу процесінің нәтижелерін нақтылау, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының нормативтік құжаттарын әзірлеу міндеттерін орындайды.

2017-2018 оқу жылындағы мамандықтар тізімі

2017-2018 оқу жылына Академиялық күнтізбе

Диспетчерлік сектор ОПҚ оқу жүктемелерін, аудиториялық қорды, ғимараттардың орналасуын, сабақтардың  кезектесуін, оқу тіліне байланысты топтардың ағымға бірігуін ескере отырып, сабақ кестесін құрайды және оқу сабақтарының бекiтiлген кестеге сәйкес жүргізілуін қадағалап, деканатпен бірге студенттердің сабаққа қатысуын және дәрісханалардың дайындығын тексеріп мәлімет жинақтайды.

  2017-2018 оқу жылының I-жарты жылдық сабақ кестесi:

Жаратылыстану факультеті

Филология факультеті

Кешкі оқыту және дайындық факультеті факультеті

Педагогика-гуманитарлық факультеті

Кәсіптік- шығармашылық факультеті

Физика-математика факультеті

 

- үш тілде білім беру секторы -  үш тілде білім беру бойынша озық педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудың әдістемесін үздіксіз жетілдіру, үш тілді білім беру процесіне байланысты кафедралардағы оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау, студенттерге үштілділік бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетілдіру мақсатында іс-шаралар, семинарлар ұйымдастыру.

1. 2017-2018  оқу  жылының  көптілді топ бойынша студенттер контингенті

2. Көп тілді топтардағы іс - шаралар 

студенттік кеңсе секторы -  ішкі тәртіп ережелерін және институт жарғысын сақтау, жоғары оқу орнынан қабылданған студенттердің жеке іс-қағаздарын қабылдау, өндеу, оқу орнын бітірген, оқудан шыққан студенттердің жеке іс-қағаздарын институт мұрағатына өткізу, студенттерді ақылы білім беру қызметін көрсету туралы келісім шартын және мемлекеттік білім гранты  (ауыл квотасы) негізінде қабылданған студенттердің келісім шартын тіркеу, басқа жоғары оқу орнынан ауысып келген студенттердің жеке іс қағаздарын       қабылдау және  жүргізумен айналысады.

2016-2017 оқу жылында институттың 23 мамандығына қоса Білім және ғылым министрлігінің эксперименттік бағдарламасы бойынша 6 қосарланған мамандыққабілімгерлерді қабылдауға рұқсат алынған болатын. Олар: 5В012500 - химия-биология; 5В012600 - математика-физика; 5В012700 -  математика –информатика; 5В012800 - физика-информатика; 5В012900 - география-тарих; 5В013000 - Тарих-Дінтану. Осы алты мамандық  бойынша  2017-2018 оқу жылында да білімгерлер қабылдау үшін оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен  лицензияға құжаттар дайындалып 2017 жылдың 5 мамырында  қосарланған мамандықтарға  лицензия алынды. Сонымен қатар   иститутымыздың  университет мәртебесіне ие болу үшін үш бағыт бойынша  төрт мамандыққа  қоса лицензия алынды. Олар: 5В042100 -  дизайн; 5В020500 – филология; 5В020700 - аударма ісі; 5В060700 – биология.

Бөлімнің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жыл сайын облыстық білім беру мекемелерімен тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік кеңес декадасы және семинарлар өткізіледі.