документ алу

Арман

Менің балам сіздерде 1 курсты ақылы түрде бітірді Кешенді тестке тапсыру үшін құжатын алуға 10 маусымнан бері  баруда приказ шыққан жоқ қашан шығатынын білмейміз деп жөнді жауабын бермейді дейдіі .Кешенді тесттен өтсем осы институтты таңдаймын деген баламның әбден көңілі қалды Уақыт деген болып қалды Приказ қашан шығады?  Оқудан шығамын деп құжатыңды ал десем балам көнбей отыр. Сізден жауап күтеміз?

Жауап: 

Құрметті ата-ана! Сіздің ұлыңызға 1-курстан 2-курсқа көшу бұйрығы шықпай тұрып, оқудан шығу туралы бұйрық шығарылмайды. Себебі, ұлыңыз ертеңгі күні оқуын 2-курстан қайта жалғастыруы үшін бұйрықпен 2-курсқа көшкен болуы керек. Көшу бұйрығы 28 маусымда шығатындықтан, ұлыңыз 30 маусымда келіп құжаттарын алуына болады.