Мәдениет бөлімі

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІ

Продюсер

Фахридинова Хадиша Шамшидинқызы

Мәдениет бөлімі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қатысатын студенттерді  әсемдікке,  өнерге, мәдениет салаларына  баулуды, талантты  жастардың  шығармашылығына  қолдау  көрсету, жастарды  ұлттық рухта  тәрбиелеу, өнерлі жастарды қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға дайындауды,  қазақ   эстрадасына,  өнер әлеміне  жетелеуді мақсат етіп қойған. Эстетикалық тәрбие  беруді және  бос  уақытын  тиімді пайдалануды, жастардың  талант  көздерін ашуды, жаңа  тың  көзқарастағы жастардың прогрессивті ой-өрісін дамытуды көздейді.

Мәдениет бөлімінің дыбыс режиссері – Олжас Байтеев. Міндеті – мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу істеріне байланысты (концерттер, би кештері, фестивальдер, байқаулар) мәдениеттің түрлі бағыттарындағы көрсетілген іс-шараларда дыбыс шығарушы, дыбыс күшейтуші, электронды және саздық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Мәдениет бөлімінің әдіскер маманы – Нұржан Баймаханов. Міндеті – үйірмелер бойынша сабақ кестесін құрастырады; студенттердің сабақтарын ескере отырып, үйірме кестесін құрады; барлық үйірменің дайындық кестелерінің оқу жоспарына сәйкестігін тексеріп бекітуге ұсынады.

Мәдениет бөліміне қарасты 9 үйірме бар:

Эстрада үйірмесі эстрада жанрының жан-жақты стильдерімен таныстыра отырып, әр түрлі стильдегі орындау шеберлігін шыңдайды және сахналық мимика, қимыл-қозғалысы, дауыс ерекшелігі, микрофонмен жұмыс істеу, фонограмманы пайдалану т.б. шеберліктеріне жаттықтырады. Жетекшісі – Хадиша Шалабаева.

Вокал үйірмесі  студенттердің жоғарғы көркем мазмұндағы репертуарды жетілдіруіне және концертттік шараларда музыкалық нөмірлерге сапалы түрде дайындауына ықпал жасайды, әйгілі әндерді әртүрлі жанрда орындауға үйретеді және студент жастардың шығармашылық таланттарын дамыту бағытындағы байқаулар мен фестивальдер өткізеді. Жетекшісі – Дархан Джумаев.

КТК үйірмесі студенттердің ой жүйріктігі мен тіл жүйріктігін сахна мәдениетімен ұштастыруын, тапқырлыққа, ойшылдыққа баулиды және әзіл мен сатиралық әртіс машығын жетілдіреді. Жетекшісі – Медет Досханаев.

 

Би үйірмесі студенттерді халық билерінің элементтеріне, классикалық, академиялық қимыл-қозғалыстарына үйретеді және сахнада топпен синхронды билеуге дайындайды. Жетекшісі – Қуат Таукеев.

 «Ақбаян» студенттік сән театры әлемдік сән индустриясы талаптарына сәйкес параметрдегі қыз-жігіттермен жұмыс істейді. Киім сән үлгілерін көрсету өнерінің жан-жақты қыр-сырларын, үйретеді. Сахналық мимика, сахналық дефиле, жұмыс траекторияларын шыңдайды. Жетекшісі – Марат Ерімбетов.

Айтыс үйірмесі әдебиет және өнер майталмандарының өмірлері мен шығармаларын, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін және өнерін кеңірек насихаттау арқылы студенттердің өнер әлеміне қызығушылығын арттырады. Жетекшісі – Біржан Байтуов.

Домбыра үйірмесі жоғарғы көркем мазмұндағы репертуарды  жетілдіруіне және концерттік шараларда ақындар нөмірлеріне сапалы түрде дайындықты жүргізуге, шығармашыл студенттердің басын қосып, шығармашылықтарын одан әрі шыңдау, мәдени-әдеби және рухани мазмұнда іс-шаралар ұйымдастыруға міндеттенеді. Жетекшісі – Роза Сырайлова.

Фольклорлық аспаптар үйірмесі жастарға шығармашылық қызмет көрсету жұмысының әртүрлі құралдары, нысандары мен әдістерін қолдана отырып студенттік жылдардың мазмұнды да қызықты өтуін қамтамасыз етуге, музыкалық өнер өлкесінде елге танымал дарынды жастармен кездесулер өткізіп, студенттердің өнер әлеміне қызығушылығын арттыруға міндеттенеді. Фольклорлық аспаптар: қобыз, жетіген, сазсырнай секілді аспап түрлерін үйретеді. Жетекшісі – Еркебұлан Сәбит.

Фото-видео үйірмесі шығармашылыққа құштарлығы бар әрбір жастың талантын шыңдай түсуі үшін барынша  қолайлы  жағдай  жасау, сұранысын  қанағаттандыруға міндеттенеді. Яғни, фото-видео өнерінің   жан-жақты қырларын үйретеді. Жетекшісі – Жауынбек Абуов.