Жастар саясаты бөлімі

Жастар саясаты бөлімі 

Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі

Ақсақалов Дәурен

Институтта 2011 жылдан бастап жастар саясаты бөлімі жұмыс істейді, оның негізігі міндеті қоғамдық жастар ұйымы мен бірлестіктерді үйлестіру болып табылады. Жастар саясаты бөлімі белсенді, талантты студенттерді танытып, студент жастар үшін түрлі жобалар жасап, пікірсайыс турнирлер, түрлі акциялар, флешмобтар ұйымдастырады, студенттердің өзін-өзі басқару жетекшілері арасында семинар-тренингтер, конкурстар ұйымдастырылады.

Студенттің  жан-жақты дамуы  мен  шығармашылық  әлеуетін  қалыптастыруда  институттың  басқа  да  қоғамдық  ұйымдарының  мәні  бар.  Бүгінгі  таңда  Жастар саясаты бөлімінде мынадай  студенттік  ұйымдар, бірлестіктер, клубтар  жұмыс  істейді:

  • «Студенттік  ректорат»;
  • «ЭКСПО танушылары» Қоғамдық жастар қозғалысы
  •  «Қазақстан Студенттерінің  Альянсы» республикалық  студенттік  қозғалысы;
  • «Нұр  Отан» ХДФ «Жас Отан» жастар  қанаты;
  • «Жасыл  ел» отрядтары;
  •  «Болашақ» пікірсайыс клубы;
  •  «Елбасы  серіктестері» волонтерлік  қозғалысы;

Олардың қызметін өзінің Ережелері, жұмыс жоспарлары және мүшелер тізімі бар тәрбие жұмысы бөлімі үйлестіріп отырады.

 Студенттердің этикалық тәртіп ережелерін көрсететін студенттерге институтқа  түсіп, бітіргенге дейін біріңғай талап қоятын негізгі құжат «ОҚМПИ студенттерінің  Ар-намыс кодексі» болып   табылады.

Институттың студент жастары   республикалық және жергілікті жастар ұйымына мүше бола отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру процестеріне белсене қатысуда, ЖОО студенттері «Жас Отан» жастар қанатының, ҚР Білім және ғылым минстірлігінің қолдауымен құрылған «Қазақстан студенттінің Альянсы» республикалық студенттерінің қозғалысының мүшесі болып табылады. Шымкент қаласында бұл ұйым өзінің қатарына 12-ден астам жоғары және орта оқу орындарын біріктірген. «Қазақстан студенттер Альянсы» РСҚ-ның қалалық штабы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да орналасқан.ОҚМПИ көшбасшылары, «Студент,өмірің қалай?», «Студент,тамақтануың қалай?», «Жемқорлықты  басып тастайық», «Есірткіге жол бермейік», сонымен бірге  жастардың отансүйгіштік тәрбиесіне бағытталған «Бұл біздің Әнұран!», «Бұл біздің Ту!», «Бұл біздің Елтаңба!», «Жастар –туған елге!»  т.б. іс-шараларға белсене қатысады.

Жастардың патриоттық санасын тәрбиелейтін «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тәрбие бағдарламасы жасылынды (ғылыми кеңестің шешімі, 2014 ж. 26 ақпан, № 5-хаттама).  

Жастардың әйгілі ғалымдар және білім мен қоғам қайраткерлерімен кездесу медиа-жоспары бекітілді (ғылыми кеңестің шешімі, 2014 ж. 29 тамыз, № 1-хаттама).    

Жастарға жұмысқа орналасуға көмек беру, жұмыс берушілермен өзара ықпалдастық  күшейту бойынша қосымша қызмет көрсету мақсатында бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру басқармасы жыл сайын «Жас маман» бос орын жәрмеңкесін өткізеді, ол кәсіптік іс-тәжірибеден ғана өткен, басқа тәжірибесі жоқ жас маманды жұмысқа орналастырудың тиімді тәсілі болып табылады.

Жастардың патриоттық сезімін қалыптастыратын  «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  тәрбиелік бағыттағы бағдарлама жасалған.(ОҚМПИ Ғылыми кеңесі протокол №5 26.02.2014ж.)

Жастардың ғылым, білім саласындағы  белгілі  ғылымдар мен қоғам қайреткерлерімен кездесудің  медиа-жоспары бекітілген.(ОҚМПИ Ғылыми кеңесінің шешімі протокол №1. 29.08.2014ж.).

Студенттердің  құқығын, еріктілігі мен қызығушылығын сақтау, демократияны  дамыту және студенттер мен институт басшылары арасында әріптестік қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 2011жылдан ректорат және оның құрлымы жайында Ережесі бар Студенттік  Ректорат  жұмыс атқаруда: Институт ректоры үзбей студенттермен  кездеседі, ай сайын студенттер активінің мәжілістеріне қатысып, білім алу, студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуеті – жалпы студенттік өмір жайында мәселелер талқыланады.

ЖОО-дағы студенттің өзін-өзі басқару жұмысының тиімділігі әр сессиядан кейін тәуелсіз студенттік сауалнама және анкета жүргізу жұмыстары арқылы да, сонымен бірге «пошта және сенім телефоны» арқылы іске асырылады.

ЖОО-да Жастар ұйымдарының рөлі күшті, іс-шараларға белсене қатысады, «студент – студентке» деген тең құқықты жүйедегі қарым-қатынаста.

ЖОО-ның тәрбие жұмысының сонымен бірге“ студент- оқытушы” әріптесттік жүйесінің тиімділігі арттырылуда.

Институттың тәрбие жұмысы үйлестіруші, бағыттаушы және бақылаушы звеносы болып табылады. ЖОО-ның тәрбие жұмысы бойынша директорының орынбасарымен  тікелей байланысты болатын және институт құрылымына кіретін. Институтта «Институт регламентінде» қарастырылатын академиялық топтың эдвайзер-тәлімгері жайында ереже жасалған.

Институтта тәрбие жұмысының тиімділігін көрсететін мониторинг үнемі жұмыс істейді. Есеп беру мезгілінен кейін оқу топтарының тәлімгерлері тәрбие жұмыстары бойынша жазбаша есеп береді. Сонымен бірге тәлімгерлердің  күнделікті  жұмысын тәлімгер  журналы мен тәлімгерлік сағаттардың протокалдары  көрсетеді. Дәлелдеме материалдары бар.

Оқу топтарының тәлімгерлердің жүргізетін әдістемелері мен жұмыстары білім алушылардың шығармашыл тұлға ретінде дамуына, өзін-өзі тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, әлеуметтік тәжірибені  молынан игеруге ықпал етеді.

ОҚМПИ-де студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Оқу жоспарының әр пәні бойынша ең кемі бір семестрінде тапсырма не курс жұмыс көзделген. СӨЖ-ді ұйымдастыру жұмыс жоспарларына, өз бетінше игеру материалдарының пәндік бөлімдеріне сәйкес жүргізіледі.

Оқу процесін ақпараттық басқару жүйесі (ОПАБЖ) жасалып,оқу процесін басқару тиімді ұйымдастырылуда.

Институтта ғылыми-зерттеу бөлімі ғылыми мектептермен (факультеттермен) және кафедралармен жыл сайын барлық мамандықтар бойынша студенттік ғылыми конференциялар жүргізеді (19 қосымша).

Институт жыл сайын студенттердің интелектуалдық және ғылыми семинарларын, олимпиадаларын, дөңгелек үстелдерін ұйымдастырады, сонымен бірге ЖОО студенттері республикалық олимпиадалар мен жобаларға, интелектуалдық «Болашақ» дебаттарына, «ОҚМПИ көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына, профессор А.Н. Подушкин ұйымдастыратын археологиялық танымдық семинарға, ғылыми мектептер арасында студенттердің КТК конкурстарына және басқаларға қатысады.

Институт басшылығы үнемі жағдайы төмен студенттерге жәрдем беру, шығармашылық жастарды және жас спотрсмен-студенттерді қолдау жұмыстарын жүгізеді (қосымша 56).

ОҚМПИ студенттері келесі республикалық және ЖОО-ішілік жастар ұйымына белсенді қатысады.

Жастар ұйымдары

2011-2012

2012-2013

2013-2014

2014-2015

Жастар саясаты бөлімі

400

515

577

577

«Студентік ректорат»

15

21

17

17

ХДП«Нұр Отан»«Жас Отан» Жастар қанаты

 

35

50

55

«Қазақстанның студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы

 

15

28

30

«Жасыл-ел» отрядтары

 

70

90

150

«Болашақ» дебат орталығы

 

15

20

30

Студенттік жатақхана кеңесі

70

95

100

100

«Сыр сандық» Жас жазушылар мен ақындардың әдеби клубы

 

17

22

37

«Елбасы серіктестері» волонтерлік қозғалыс

 

 

200

220

Көңілді тапқырлар клубы

 

15

17

30

Барлығы:

485

818

1121

1246