Кітапхана

Кітапхана

 

  Кітапхана басшысы - Тлеукеева Роза Әмірқызы

 

  Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының кітапханасы 2012 жылдың қыркүйек айында құрылды. Кітапхананың негізгі міндеті институттың білім беру және ғылыми үрдістеріне жаңа ақпараттық технологиялар оқу     әдістердің дамуына үлес қосу. Кітапхананың миссиясы – жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, тең мүмкіндікті қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қол жетімділікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету.

  Кітапхана мақсаттары: оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке еркін қол жеткізуін        қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапханалық қызметті ұйымдастыру; пайдаланушылардың ғаламдық ақпараттық желіге қол жеткізуіне мүмкіндік беру.

  Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын    толықтыру және сақтауды қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту. Кітапхана қызметкерлері төмендегі бағыттар бойынша жұмыс атқарады: қорды қалыптастыру және құжаттарды жинақтау, өңдеу; анықтама-библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру; оқырмандарға ақпараттық-    кітапханалық қызмет көрсету; кітапхана-библиографиялық үрдістерін автоматтандыру; кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Кітапханада сегіз қызметкер жұмыс жасайды. Барлық қызметкерлер жоғары білімді. Кітапхана қоры - ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оған келесі басылым түрлері жатады: барлық білім салалары бойынша оқу әдебиеттер; оқу-әдістемелік әдебиеттер; ғылыми әдебиеттер,   мерзімді басылымдар.

 

Кітапхана қоры мемлекеттік сатып алу бойынша ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалардың және басқа мекемелердің сыйға тартқан кітаптары, мерзімді басылымдар арқылы толықтырылады. Әр жыл сайын кафедралардың сұраныстары негізінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді мемлекеттік сатып алудың жоспары құрастырылады.

Кітапхана қорын толықтыру көздері: «Фолиант», «Эверо», «Бастау», «ҚазҰУ», «NURPRESS» баспалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Оқу Орындарының Қауымдастығы және т.б.

Кітапханада электронды тасымалдағыштарда оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар бар. Электронды қордың құрамы: электрондық оқулықтар, оқытушы-профессорлар құрамының электронды түрдегі еңбектері, Интернет ресурстары, мәлімет базалары.

Кітап қорын толықтыру, өңдеу және жүйелеу бөлімшесінде кітапханаға түскен әдебиеттерді есепке алады, ғылымы мен тәжірибесіне сай каталогтар жүйесін дәстүрлі және электронды түрде ұйымдастырады, техникалық өңдеу, әмбебап ондық жүйе (ӘОЖ) индекстерін беру жұмыстары осы бөлімшеде жүзеге асырылады.

Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты электронды каталог, алфавиттік каталог, жүйелік каталог, топографиялық каталог және анықтамалық библиографиялық қор құрайды.

Кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетуде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. 

Кітапхана-библиографиялық үрдістерін автоматтандыру үшін ЖШС «Kazakh Soft» компаниясы өңдеген «КАБИС. Standard» (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған кітапханалық бағдарламасы енгізілген.

«КАБИС. Standard»  - кітапхана қорын жинақтау, электронды каталогты ұйымдастыру, ақпараттық ізденісті жүзеге асыру үшін өңделген бағдарлама.

«КАБИС. Standard»: әкімшілік, қорды толықтыру, каталогтау,  ізденіс, кітаппен қамтамасыз ету,  мерзімді басылымдар модульдерінен тұрады.

Электрондық каталог - кітапхана жұмысының маңызды бір бөлігі. «КАБИС» бағдарламасы бойынша электрондық каталог мәліметтер базасына библиографиялық жазбалар енгізілген.

Электрондық каталог төмендегі автоматтандырылған жұмыс орындарынан тұрады: «Кітаптар», «ОҚМПИ оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері», «Диссертациялар мен диссертациялардың авторефераттары», «Мақалалар», «Электрондық басылымдар», «Мерзімді басылымдар».

Жаңа заман, жаңа уақыт талабына сәйкес, жаңа мүмкіндіктер, оқырмандарға қызмет көрсетудің сапасын көтеру, қолайлы жағдай жасау - кітапхана қызметкерлерінің айқын мақсаты болып табылады. Оқу орнының іргетасы қаланған күннен бастап кітапханада  басылымдар сақталып, кітап қорын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.

Кітапхана құрылымы жеті бөлімшеден тұрады: бас оқу залы; ғылыми оқу залы; электронды оқу залы; жатақханадағы екі оқу залы; абонемент; кітап қорын толықтыру, өңдеу және жүйелеу бөлімшесі. Оқырмандарға бес оқу залында, бір абонементте алты кітапханашы қызмет көрсетеді.

Оқырмандарға кітапхананың кітап қорын пайдалануына мүмкіндік жасалған. Бес оқу залы және бір абонементте оқырмандарға  ақпараттық, кітапханалық қызмет көрсетіледі. Оқу залдары мен абонементтің кітап қорында барлық білім салалары бойынша әдебиеттер бар.

 

Бас оқу залының көркемдігі мен жайлылығы шығармашылық жұмыспен айналысуға қолайлы жағдай туғызады, мұнда оқытушылар мен студенттер кітап қорының толық репертуарын пайдалануға мүмкіндігі бар. Бас оқу залында кітап қорында барлық сала бойынша оқу әдебиеттер жинақталған. 

 

         

         

 

Ғылыми оқу залы профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына ақпараттық қызмет көрсету мақсатында ашылды.

Қордың құнды бөлігін монографиялар, диссертациялар, авторефераттар, реферативті және ғылыми журналдар, конференциялардың жинақтары құрайды.

Институттың профессор-оқытушылар құрамының еңбектері ғылыми оқу залының қорында жинақталған.

Ғылыми оқу залында ең өзекті және жедел ақпаратты біздің оқырмандарымыз газет-журнал беттерінен таба алады. Мерзімді  басылымдар барлық жоғары білім саласы бойынша (педагогика, психология, математика, химия, биология, тарих, физика және т.б.) жинақталған.

 

         

         

 

Пайданушыларға сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету үшін электронды оқу залында – Интернет ақпараттық ресурстарымен; электрондық оқулықтармен; электронды каталогтармен; мәлімет базаларымен  қамтамасыз етілген. Электронды оқу залында Интернет желісіне қосылған. Электронды қорын белсенді қалыптастырып оқырмандардың әлемдік ақпарат көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Электронды тасымалдағыштар қоры жинақталуда. Деректер қорында: оқулықтардың электронды нұсқасы, профессор-оқытушылар құрамының еңбектері; оқу құралдары, электрондық оқулықтар, арнайы оқу бағдарламалары; мәліметтер базасы (мультимедиялық энциклопедиялар, сөздіктер). Толық мәтінді деректер қоры: «Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана» www.rmebrk.kz (қазақ, ағылшын, орыс тілінде); «Thomson Reuters» http://www.wokinfo.com (ағылшын тілінде); «ПОЛПРЕД»  http://polpred.com (орыс тілінде). Пайданушыларға сапалы ақпараттық кітапханалық қызмет көрсету үшін электронды оқу залында – Интернет ақпараттық ресурстарымен; электрондық оқулықтармен; электронды каталогтармен; мәлімет базаларымен  қамтамасыз етілген. Электронды оқу залында Интернет желісіне қосылған.

 

        

              

 

Оқырмандарға жатақханадағы оқу залында қызмет көрсетіледі.

 

        

 

Абонементте оқырмандарға оқулықтарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Абонементте оқу әдебиеттер үйге беріледі. Оқырмандар кітапханаға бірінші жазылу үшін жеке куәлік және 3x4 өлшемді екі фотосуреті бойынша оқырман формуляры толтырылады.

 

       

 

Көпшілік-тәрбие жұмыстар

Кітапханада атаулы күндерге арналған тақырыптық және ашық кітап көрмелері ұйымдастырылады; өзекті мәселелер бойынша тақырыптық папкалар жасалады, кітапхананың пайдалану ережелері туралы бірінші курс студенттері арасында әңгімелер ұйымдастырылады, институтта өткізілетін конференциялар мен семинарларда кітап көрмелерін безендіреміз.

 

      

 

Атап айтқанда: «Мәңгілік ел» - ұрпақтың мәңгілік болашағы; «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жана саяси бағыты; «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім», «Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі», «Дәуір және тағдыр құрбандары», «Астана – арман қала», «Қазақстан жасампаз жетістіктер жолында», «Еліміздің ертеңі білімді жастар», «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы», «Тәуелсіздік баға жетпес құндылық», «Тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Кәсіби білім – кемел келешектің кепілі», «Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақ», «Ел болашағы – салауатты ұрпақ». Н.Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне арналған тұрақты кітап көрмесі безендірген.

 

      

 

Кітапханада библиографиялық жұмыстар атқарылады, оның негізгі бағыттары: анықтама-библиографиялық аппаратты ұйымдастыру, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету, оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Жаңа басылымдардың түсу мерзіміне қарай «Ақпарат күні», ашық және тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады. Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру, тұтынушылардың қанағаттандырылуын анықтау үшін «Кітапхана – оқырмандардың көзқарасымен», «Библиотека вуза: взгляд в будущее»  тақырыптар бойынша сауалнама өткізілді.

 

         

           

 

Қазақстанның ірі кітапханалары мен Шымкент қаласында орналасқан кітапханалармен іскерлік қарым-қатынас жасаймыз. Оқырмандарға толық және сапалы қызмет көрсету мақсатында А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Шымкент орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі келісім шарт жасалды. Кітапхана қызметкерлері біліктілігін арттыру үшін әр түрлі тақырыптар бойынша өткізілетін конференциялар мен семинарларға қатысады. «Фолиант» баспасымен бірлесіп жұмыс істейміз. Жыл сайын институтта «Фолиант» баспасынан шыққан оқу әдебиеттер, көркем әдебиеттер, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптардың көрмесі өткізіледі.