ОҚМПИ-де Білім күніне арналған мерекелік концерт болып өтті

08.09.16

ОҚМПИ-де Білім күніне арналған мерекелік концерт болып өтті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының киелі ордасының білім шаңырағында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. Салтанатты жиын ашық деп жарияланғаннан кейін, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Аталған жиында институтымыздың айтыс үйірмесінің жетекшісі, айтыскер ақын Біржан Байтуов және Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі, айтыскер ақын, магистрант Дәурен Ақсақаловтар мерекелік арнауын тарту етсе, әнші қыздарымыз Жанат Сайрамбай, Әйгерім Тәжі, Рәзия Әуезхан, саксофонист – Амина Алижанова, вокал үйірмесінің жетекшісі – Дархан Джумаев өз өнерлерімен көпшіліктің көңілінен шыға білді. Сонымен қатар ОҚМПИ ректоры, п.ғ.д., профессор Аяшев Оңалбай Аяшұлы барша ұстаздар мен студенттерді Білім күнімен құттықтап, арманшыл жастарғажарқын болашақтың «алтын кілті» мен сапалы өмірдің бастамасы, білім атты дархан жолдың жолдамасы ретінде «сынақ кітапшасын» тапсырды. Қабылдап алғандар студенттер – білім грантының иегерлері – Нұрғали Әнапия, Бану Асқарова, Наргиза Камиджанова, Жадыра Аймашова барша жиналған көпшіліктің алдында «ант» берді. Концерт соңында ҚР Мәдениет қайраткері, оқу орнымыздың Эстрада үйірмесінің жетекшісі – Хадиша Шалабаева әсем әнін айтып, мерекелік концертті аяқтады.