Шетел тілдері және дайындық факультеті

Факультет тарихы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың бұйрығымен 2016 жылдың 1-қыркүйегінен бастап институтымыздың өндірістік қажеттілігіне байланысты шетел тілдері кафедрасы, академиялық ұтқырлық және ҚР БжҒМ №388 (22.06.2016ж) бұйрығына сәйкес ашылған тілдік дайындық бөлімдері бірігіп жаңа «Шет тілдер және дайындық» факультеті құрылды. Факультеттің деканы қызметін PhD. доктор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының қауымдастырылған профессоры Мейрбеков Ақылбек Қайратбекұлы атқаруда.

Қазіргі уақытта шет тілдер және дайындық факультетінде бір кафедра және екі бөлім қызмет атқарады. Олар: шетел тілдері кафедрасы, академиялық ұтқырлық бөлімі және тілдік дайындық бөлімі.

Шетел тілдер кафедрасы.

Шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Сманова Ғазиза Лесқанқызы.

Кафедрада 24 оқытушы бар. Кафедра бойынша ғылыми әлеуеті 35 пайызды құрайды.

Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс бөлімі.

2011-2012 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың бұйрығымен құрылған.

Тілдік дайындық бөлімі.

Бөлім басшысы Сапармуратова Гулмира Темировна.

Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік дайындық деңгейін арттыру мақсатында "Биология", "Физика", "Химия", "Информатика" педагогикалық мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін ұйымдастыру.

 Бөлімнің негізгі қызметі:

  • Институттың тілдік дайындық бөліміне тыңдаушыларды қабылдау;
  • Оқу қабілетін, білім, таным ерекшелігін арттыру;
  • Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, өз жетістіктерін өздеріне талдату;
  • Өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
  • Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
  • Шығармашылық ізденісін арттыру;
  • Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу;
  • Тыңдаушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында тренингтер өткізу.

Шет тілдер және дайындық факультеті оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулер (оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды қалыптастыру және т.б.);

- студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету;

- Факультет оқытушыларының ҚР ҰҒА-мен, республиканың жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің университеттерімен ғылыми байланыстарын дамыту;

- ғылыми мектепте конференциялар өткізу жөніндегі ғылыми-ұйымдастыру жұмысы және оқытушылардың институттан тысқары әр түрлі дәрежедегі конференцияларға қатысуы;

Шет тілдер және дайындық факультеті 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі (бакалавр - 4 жыл) мамандығы бойынша талапкерлер қабылдайды.

Студенттер контингенті

Шет тілдер және дайындық факультетінде 275 студент білім алуда.