Тілдік дайындык бөлімі

Сапармуратова Гулмира Темировна

Тілдік дайындық бөлімінің басшысы

        Биылғы 2016-2017  оқу  жылында ҚР БжҒМ  №517  (19.08.2016ж.)  бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық интитутында Тілдік дайындық бөлімі ашылды.

         Бөлімнің негізгі мақсаты:

         Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік дайындық деңгейін арттыру мақсатында "Биология", "Физика", "Химия", "Информатика" педагогикалық мамандықтарына  мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарына  оқуға түсу үшін  ұйымдастыру.

        Бөлімнің негізгі қызметі: 

  • Интитуттың тілдік дайындық бөліміне тыңдаушыларды қабылдау;
  • Тыңдаушылардың оқу қабілетін, білім, таным ерекшеліктерін арттыру;
  • Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, өз жетістіктерін өздеріне талдату;
  • Өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
  • Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
  • Шығармашылық ізденістерін арттыру;
  • Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу;
  • Тыңдаушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында тренингтер өткізу.