Әкімшілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Факультет деканы:  Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы

Ғылыми атағы мен дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Оқу ісінің үздігі. 

Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, университетті 1985 жылы  бітіріп шығады. Абай атындағы Саран педагогикалық училищесінде оқытушы болып ұстаздық еңбек жолын бастаған ол 1995 жылға дейін осы оқу орнында еңбек етті. ҚР оқу ісінің үздігі атағын алды. 1995 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарына қызмет ауыстырған Нариман Жұмашұлы 1996 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі  қызметтерінде болды.

2012 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып еңбек етті. 2014-2015 оқу жылы барысында филология ғылыми мектебінің директоры, одан әрі филология және тарих, филология факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2017 жылдың қараша айынан кешкі оқыту және дайындық факультетінің деканы болып еңбек етеді.

Н.Нұрпейісов 1990 жылдардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысты. 1998 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация  қорғады.

Н.Жұмашұлының баспасөз бетінде, ғылыми журналдарда, конференция материалдарында жарық көрген 300-ге жуық еңбектері бар. Сонымен қатар ғалымның Е.Ысмайылов - әдебиет тарихын зерттеуші. Монография. (1999), Дүрбелеңді дәуір зерттеушісі. Ғылыми жинақ. (2002), Е.Ысмайылов және қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері. Оқу құралы. (2004), Әулиелі Ақсүмбе – періштелі Ақбикеш. (2006), Мұхтартану. Лекциялар курсы. Оқу құралы. (2009),  Әдебиет және сын мәселелері. Оқу құралы. (2009), Ұлттық руханиятпен - әлемдік өркениетке. (2010), Қазақ әдеби сынының өзекті мәселелері. Оқу құралы (2010), Елбасы – Елтұтқасы. Публицистикалық жинақ (2011), Абайтану. Оқу құралы (2013), Е.Ысмайылов және әдебиеттану мәселелері. Оқу құралы (2013), Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. (2016)  атты жарық көрген ғылыми-зерттеу кітаптары  бар.

 

Декан орынбасары

Тілдік дайындық бөлімінің басшысы

Аға оқытушы, магистр Кылышбаев Арман Диханович

Кылышбаев Арман Диханович 2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Саясаттану» мамандығын бітірген. 2003 – 2005 жылдары жоғарыда аталған жоғарғы оқу орнының, 6М0520200 – «Саясаттану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2002 жылы 13.07.2002ж. 01.09.2002ж. МКҚКОСО «Тау самалы», тәрбиеші

01.09.2002ж.-01.09.2010ж.  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Саясаттану» кафедрасына оқытушысы

01.09.2010ж.-31.08.2011 Академиялық инновациялық университеті «Саясаттану» кафедрасының  аға оқытушысы

03.09.2011ж.- 04.09.2017ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты. «Қоғамдық пәндер» кафедрасы, аға оқытушы

04.09.2017ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты. “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы, бөлім басшысы, декан орынбасары.

2013 жылы Алматы қаласында «Өрлеу БАҰО» Педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсынан өтті.