Тарихы

Филология ғылыми мектебі

Шетел тілдер кафедрасы

Сманова Ғазиза Ілесханқызы

Кафедраның меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты

Шетел тілдер кафедрасының тарихы 1994 жылдан басталады. Кафедра құрамында

 Р.С. Крацев, Р.В. Стелье, В.Г. Лобин, Ж.Тұнғатаров, Н.Авазбаев, А.Н.Яцухин, В.А.Редкин сияқты  ғалымдар  қызмет  атқарған.

2012-2013 оқу жылында кафедраны ф.ғ.к., доцент Абрамова Г.И. басқарды, 2013-2014 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне п.ғ.к. Сманова Ғ.І. тағайындалды.

Кафедрада 1 PhD, 4 доцент, 3 педагогика ғылымдарының  кандидаты,  5 филология ғылымдарының  кандидаты, 9 магистр  оқытушы, 5 аға оқытушы еңбек етуде.

Шетел тілдер кафедрасы  5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша   педагог мамандарды  дайындайды.

Мамандық түлектерінің болашақ қызмет орындары:

  • Білім беру мекемелерінде – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
  • Ғылыми-зерттеу орталығы (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
  • Ағылшын тілін үйрету курстары
  • Аудармашы

Кафедра ұжымы студенттердің шетел тілінде теория мен практиканы ұштастыра жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасауда. Кафедра оқытушылары ғылыми дайындығы мен шығармашылық ізденісін арттыру мақсатында, алыс және жақын шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, білім жетілдіру курстарынан өтті. Атап айтқанда, А.Абдукаримова (Эрфурт, Германия), А.Таджибаева (Осло, Норвегия), А.Ділдабекова (Англия, Ньюкасл) біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2013-2014 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 8 студент, 2014-2015 оқу жылында 6 студент Халықаралық Балтық академиясына (Рига, Латвия) және 6 студент (Зиген, Германия) Халықаралық Тілдер Академиясына білім алуға жіберілді.

2013-2014 оқу жылында кафедраның магистр-оқытушысы Л.С. Қанаева “Болашақ” бағдарламасы бойынша Нидерландыда 3-айлық іс-тәжірибеден өтті.

Шетел тілдер​ кафедрасының құрамы

Халықаралық Балтық академиясына білім алуға жіберілген студенттер

119-11 тобының студенттері Денсаулық күніне арналған іс-шараға қатысуы

Бүкіл әлемдік жастар күніне арналған мерекелік кеш​