Ата жұртын аңсаған Айбергенов 

14.09.16

Ата жұртын аңсаған Айбергенов 

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институты "Ата жұртын аңсаған Айбергенов"  тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Халықаралық деңгейдегі жиын 2016 жылдың 14 қазан күні өтеді. Конференцияда 5 тақырып бойынша секциялық  мәжілістер ұйымдастырылады.

    Ақын мұрасы ғылым және білім үдерісінде. Педагогика, тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия.  Жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары. Кәсіби-шығармашылық, спорт салаларында педагог маман дайындаудың әдіснамалық негіздері тақырыбы қозғалады.