Кадр бөлімі

Кадр бөлімінің басшысы:

Мельдешева Айгуль Сейдуллаевна

     байланыс тел: +7(725)2-30-14-59

     Кадр бөлімінің құрамына төмендегі бөлімдер  кіреді:

-    Кадр бөлімі

-    Кеңсе бөлімі

 Кадр бөлімі институт қызметін және оның басшылығын құқықтық, ұйымдастырушылық, құжаттық және ақпараттық-сараптамалық жағынан қамтамасыз етумен, қызметкерлерді басқарумен айналысады:

-Қазақстан Республикасының заңына сәйкес  кадр  бөлімінің негізгі атқаратын қызметі институттың барлық құрылымдық бөлімшелерінің  кадрлық іс-қағаздарын  жүргізу және өндірістік мәселелерін шешу және ішкі еңбек тәртібі ережелерін іске асуын қадағалау;

- институттың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес қызметкерлерді басқару аясындағы ОҚМПИ саясатын жүзеге асыру;

-институтты жоғары білімді, сапалы мамандармен және кәсіби қажетті профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз ету;

- институт қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын мәліметтерді жинақтау және талдау;

- кадрлардың ішкі және сыртқы орын ауыстыруын ұйымдастыру және бақылауға алу;

- іс-жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу құрылымдық бөлімдердегі іс-қағаз жүргізу жұмыстарын бекітілген номенклатураға сәйкес дұрыс жүргізілуін, құжаттардың нормаға сәйкестігін қадағалау, құжаттарды институт мұрағатына қабылдап, оны есепке алынуын, тіркелуін, сақталуын, сақтау мерзімі өткен құжаттардың жойылуын қадағалау және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау;

-нормативтік акт жобаларын, бұйрықтарды, шешімдерді және де басқа құжаттарды даярлауға қатысу.