Жастар Жолдауды талқылады

26.09.16

Жастар Жолдауды талқылады

         ОҚМПИ-да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім, реформалар, даму» жолдауы талқыланды. Басқосуға ұйытқы болған:  оқу ордасының жастар саясаты бөлімі және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жастар ресурстық орталығы. 

        Кездесуге жастар ресурстық ортылығы талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеулер жөніндегі инспекторы Е.С.Нұрланұлы мен тарих ғылымдырының кандидаты Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті  Қ.Анарбаев және ОҚМПИ-дің ректорат мүшелері қатысты. Олар жастарға Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы, Елбасының сарабдал саясаты мен Қазақстанның әлем алдындағы беделі туралы баяндап берді. Елбасы жолдауын жүзеге асыруда жастардың алатын орны туралы пікірлер ортаға салынып, болашақ жоспарлар талқыланды.