Тест орталығы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты «Тест орталығының » басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Тілеуова Сәулеш Сабырбекқызы

         Қазақстан Республикасының  “Білім беру ісінің үздігі”, Ы.Алтынсарин атындағы және  «ОҚО-ның  80 жылдығы»  медальдарының  иегері,  «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2008ж.),  Жаңашыл педагогтардың Республикалық форумында «Ең үздік портфолио» номинациясының жеңімпазы (2014ж.) және Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2009ж.).

         Бірнеше оқу құралдары, оқу-әдістемелік нұсқаулар  мен  4 электрондық ( ЖОО-на арналған ) оқу құралдарының авторы.

          Екі ғылым кандидаты мен  5 магистрге ғылыми жетекшілік жасады.

 С.С.Тілеуова болашақ кәсіби ұстаздар дайындауда студент жастар арасында сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аталған жоғары оқу орнында педагогикалық шеберлікпен ширек ғасырдан астам жемісті еңбек етіп, бірнеше жауапты қызметте болды.

2016жылдың ақпан айынан бастап, ректордың бұйрығымен Тест орталығының басшысы қызметін атқаруда.

 Тест орталығының ұжымы

Бас администратор: Кубенова Зияда Мақсатқызы

«Platonus» ААЖүйе бағдарламашысы: Таспулатов Болат Асқарұлы

Әдіскер: Алтынбекова Перизат Қараханқызы

Оператор: Нығыметова Сулушаш Мұратқызы

 

Тест орталығының жұмыс мазмұны

         2015-2016 оқу жылының ақпан айында ОҚМПИ  ішкі құрылымдық өзгерістеріне байланысты, ректордың бұйрығы негізінде Тест орталығы құрылды.

Тест орталдығында институттың күндізгі және кешкі оқу түрінде білім алушы студенттердің білімдерін, компьютерлік тестілеу арқылы бағалау жүргізіледі.  Кредиттік оқыту технологиясына сай  білімді бақылаудың формалары - Аралық және Межелік, Қорытынды бақылаулар (Емтихан).

  Орталық жұмысының негізгі мақсаты:

  • Институттың сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;
  • Барлық құжаттардың сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • «Platonus» ААЖүйесінің  үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Білім алушылардың ағымдық және межелік бақылау тапсыратын пәндерден дайындалатын тест сұрақтарының кредит санына және тест тапсырмаларының мазмұнының  маман дайындау моделінің құзыреттілік талаптарына сәйкес келуін талап ету, қадағалау; 
  • Кредиттік оқыту жүйесі бойынша білімді бағалауды оқу үрдісінің кестесіне сай ұйымдастырып өткізу;
  • Студенттік топ, студенттер мен пәндер тізімінің «Platonus» бағдарламасына дұрыс және өз уақытында енгізілуін қадағалап отыру;
  • «Platonus» -  автоматтандырылған ақпараттық жүйенің мүмкіндігіне қарай, орталық жұмысын жетілдіріп отыру;
  • Тест формасында өтетін емтихан, білімді  бақылауды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізу;
  • Тест тапсырмаларының уақытылы өткізілуін қадағалау, қабылдау;
  •  Сессия кезінде оқытушы-профессорлар құрамынан құрылған комиссия, кезекшілік жұмыстарының жоғары деңгейде, жауапкершілікпен өткізуді талап ету;
  • Студенттердің  Межелік бақылаулар мен Емтихандарға бекітілген кестеге сай кешікпей  келуі мен қажетті құжаттарының болуын қадағалау, талап ету;
  • Студенттердің Тест орталығында сессия кезінде сырт көрініс, мінез-құлық мәдениеттерінің жоғары деңгейде болуын қадағалау, бақылау, талап ету;
  • Компьютерлік сыныптарда  тәртіптіліктің жоғары деңгейде болуын және институт мүлкі мен техникалық құралдардың бүтіндігін қадағалау;
  • Техникалық құралдар кешенінің мақсатты түрде пайдалануын бақылау, талап ету;

Тест орталығында институтта 2011-2012 оқу жылынан бастап  іске қосылған автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Platonus»  бағдарламасы негізінде   оқу үдерісіне қатысты мәліметтер енгізілген.  

Компьютерлік тестілеуде студенттерге  берілген бірнеше нұсқаулардан дұрыс жауапты тез және дұрыс таңдау іскерлігі қалыптасады.

Пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыру және жаңарту технологияларын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп отырады.  

 Студенттер  мен ата-аналар үшін жеке логин-парольдері арқылы  үлгерімнің жай –күйі мен  деңгейлері  жайлы мәліметтер алып отыруға мүмкіншілік, жағдай жасалған.