КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ПРАКТИКА БӨЛІМІ

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ІС- ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІ

Бөлім басшысы:

 Жусипова Гулмира Турдыевна

 Б.ғ.к., доцент

 Еmail: gulmir22@mail.ru

 Тел:  87021758975   

 Мекен-жайы: Шымкент қ, А.Байтұрсынов 12

 Бас ғимарат 1 қабат 129 кабинет

 

ПРАКТИКА СЕКТОРЫ

 

 

 

Практика секторының жетекшісі: Айтбаева Айгул Ергеновна

Еmail: aitbaevaaigul@mail.ru

Тел:  8 701 610 17 36

 

 

 

 

 

Жауапты әдіскер: Оспанханова Жаннат Бахытжановна

Еmail: magar83@mail.ru

Тел: 8 705 870 83 83

 

Мақсаты:

Практиканың мақсаты білім алушылардың алған құзырлығын нығайту, тереңдету және кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік әрекеттермен практика жүзінде шыңдау. Оларды таңдаған мамандығы бойынша өз бетінше кәсіби қызмет атқаруға және бәсекеге қабілетті маман дайындау, студенттердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында алған теориялық білімдерін практикалық әрекеттермен бекіту болып табылады.  

Міндеттері:

Жоғары білім беруде білім стандартының білікті талаптарына сай тәжірибелік және коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. Білім беруде ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмыстардан тәжірибе жинақтау.

- жаңа талаптарына жауап беретін маман тұлғасының кәсіби  бейінділігін қалыптастыру;

- студенттердің тікелей практикалық іс-әрекеттермен қарым-қатынасы, кәсіби іс-әрекеттерін жүргізу үшін қажетті олардың кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- студенттердің кәсіби іс-әрекеттегі шығармашылық, зерттеу тәсілдерін қалыптастыру, өзіндік еңбегінің  нәтижелеріне талдау жасай білу дағдыларын игеру.

Практика базалары.

Практика базалары мамандықтардың оқу жоспарындағы практикалардың барлық түрлеріне сәйкес жүргiзiледi. ЖОО білім алушыларының практикаден өтуі оқу үрдерісінің ең маңызды бөлігі. Жоғары білімді мамандарды даярлауда тәжірибеден өту таңдаған мамандығын меңгеру, теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын оқудың әр кезеңінде қолдана білуі мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған білім алушылардың жоспарлы және мақсатты іс-әрекеті болып табылады.

Практика базалары келесідей негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

- практика түріне, мамандыққа, мамандандыруға сәйкес болуы;

- мемлекеттік стандарттың шегінде кәсіби бағдарламамен қарастырылған іс-әрекеттің қажетті шеңберінде болу;

- студенттерді практикалық басқару мен ұйымдастыру үшін жеткілікті білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Кафедралар практика базаларымен  келісім-шарт жаңа оқу жылына дейін құрылады.

Оқу практикасыстуденттердің таңдау мамандығы бойынша өзіндік іс-әрекеттермен танысу мақсатында жүргізіледі. Практика университеттің оқу-қосымша бөлімшелерінің базасында, сондай-ақ  мамандықтың бағыты бойынша ұйымдарда ұйымдастырылады.

шеңберімен байланысын нығайтады, аналитикалық  және  абстрактылық ойды дамытады.

Педагогикалық практика (өндірістік–педагогикалық) - жалпы ғылыми білімнің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша тереңдетілуі мен бекітілуіне, сондай-ақ, педагогикалық шеберліктерді, дағдыларды және құзіреттілікті қалыптастыруға/бағытталған.
        Дипломалды практика - студенттің нақты ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) қызметінің материалдарында қорытындыларды, ұсыныстарды және т.б. осындай  өзіндік тұжырыммен қойылған мәселеге (бітіру жұмысының тақырыбы) жұмыс жасалуын қарастырады. Студент практика үрдісінде өзінің білімі мен мамандық шеберліктерін, ұйымдастыру қабілеттіліктерін, шешім қабылдау іскерліктерін, тәртіптілік, жауапкершілік, құлшынысын   көрсетуі тиіс.

Кәсіптік практиканың бағдарламасы:

Практиканің әр түрінің мазмұны, мақсаты мен міндеті практика түрлері мен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен қоса алғанда, бітіруші кафедралармен жасалған бағдарламалармен анықталады. Практика бағдарламасының мақсаты – студенттердің тікелей практика өту орындарында кәсіби-практикалық үрдісімен басқару болып табылады. Практика бағдарламалары келесідей бөлімдерді құрауы тиіс:

- түсініктеме хат (мәні, практиканың мақсаты мен міндеті, белгілі нысанға келтірілген құзіреттіліктер);

-практиканың нысандары (оның түріне байланысты), мүмкін болатын жұмыс орындарының тізімі;

-жұмыстың тақырыбы мен көлемі бойынша бөлінген мазмұны;
-практикантқа қойылатын талаптар;

-студент-практиканттың құқығы мен міндеттері;

-орындауға ұсынылған жалпы және жеке тапсырмалар (СҒЗЖ мен СОЗЖ бойынша зерттеу тақырыптары);

-тәжірибе күнделігінің жүргізудің  тәртібі;

-практика бойынша есепті жазу тәртібі мен оның негізгі бөлімінің мазмұны;

-есептегі қосымшалардың мазмұны;

-практиканің қорытындысын жүргізудің тәртібі;

-студент-практикантқа кәсіпорыннан берілетін мінездеменің рәсімделу тәртібі мен болжамды мазмұны.

-практика нәтижесі мен есепті қорғауды бағалау критерийлері;

- ұсынылған әдебиеттер.

Кәсіптік практика базасының құрылымы:

Кәсіби практика студенттердің білім беру бағдарламаларына сәйкес бейінді, меншік (ұйымдарда, мекемелерде) барлық түрлерінде ұйымдастырылуы мүмкін. Кәсіптік практиканың базасы бітіруші кафедрамен анықталады. Кафедра білім алушылардың практикадан өтуі үшін мамандықтардың өзгешеліктеріне сәйкес жыл сайын жаңа орындарға таңдау жасап отырады және кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен ұзақмерзімді келісім-шарт жасап бекітеді.

Практикадан студенттерді кәсіпорындарға (ұйымдарға, мекемелерге) бөліп орналастыру серіктестік туралы келісімдер немесе студент-практикантты  қабылдау туралы келісім-шарт бекіткен жағдайда жүргізіледі.
Практика базаларымен (базалық және жекелей) келісім-шарт кәсіби практиканы ұйымдастыру бойынша типтік келісім-шарт формасына сәйкес оқу жылы  басталардан 1 ай бұрын бекітіледі. Жекелей келісім-шарттар базалық келісім-шарттар болмаған жағдайда немесе кәсіпорынның (практика базасының) талабы бойынша оқу жылы басталардан  1 ай бұрын бекітіледі.
Кафедра меңгерушілері келісім-шарттарды бекіткен соң, практика базасының тізімін жасайды. Бекітілген келісім-шарттар негізінде (екі-, үшжақтылы) оның растамасымен практиканың өткізілу орны мен мерзімі, түрі, жетекшісін, білім алушылардың нақты контингентін көрсетумен кафедра практиканы өткізу кестесін жасайды.

 

 

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

Байбатшаева Дана Есенғалиқызы                         

Жауапты әдіскер

Еmail: dankiss_b@mail.ru
Тел: 8 702 490 24 90

Мақсаттары:

·  келісім шарттар, вакансия жәрменкелерін өткізу арқылы бітірушілердің жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында білім беру мекемелерімен іскерлік серіктестік жүйесін әзірлеу арқылы бітірушілердің 100 %-ын жұмысқа орналастыру;

·  институттың профессорлық-оқытушылар құрамын, мектеп түлектеріне ғылыми негізде жүйеленген кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді түрде араласуға тарту,  талапкерлердің таңдаған мамандықтары бойынша еңбек нарығына сәйкес сапалы маман даярлау.

 Міндеттері:

·  ОҚМПУ түлектеріне мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс табуға жәрдемдесу, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпараттар беріп отыру, жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс мекемелер, ұйымдар және басқа да жұмыс берушілермен ұзақ жылға серіктестік орнату;

·   жалпы білім беретін мектептердің педагог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған курстар, жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге арналған дайындық курстарын, білім беру бағыттарына арналған оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер  ұйымдастырып өткізу;

·  Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарында жалпы білім беретін мектептермен педагогикалық мамандықты дәріптеу мақсатындағы көшпелі семинарларды ұйымдастырып жүйелі түрде өткізіп отыру;

·   Мазмұны:

·    орта және жалпы білім беру мекемелерімен, колледждермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;

·    білім беру мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету және кадр жинақтауға жәрдемдесу;

·    жоғары сынып оқушыларына таңдау пәндері бойынша дайындықтар жүргізу;

·    Шымкент қаласы және аудандағы «Алтын белгі» иегерлеріне кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу;

·    педагогикалық мамандықтар бойынша 30% ауылдық квотамен білім алған түлектермен жұмыс жүргізу және ұйымдастыру;

·    сыртқы тұтынушыларға сауалнама жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;

·    Шымкент қаласының мектеп және колледж бітірушілеріне «Ашық есік күндерін» ұйымдастыру және өткізу.

Бітірушілерді жұмыспен қамту

 

Тулепбергенова Алмаш Тауовна                             

 Жауапты маман

 Еmail: almash73@inbox.ru 

 Тел: 8 702 812 88 02

Мақсаты:

Бітіруші  түлектерді жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу.

Міндеттері:

бітіруші талапкерлерді жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен таныстыру.

  Мазмұны:

·    бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша жұмыс берушілермен шарттық қарым-қатынас құру;

·    жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне жәрдемдесу;

·    білім беру мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету және кадр жинақтауға жәрдемдесу;