ОҚМПИ – өнер ордасы     

31.01.17

ОҚМПИ – өнер ордасы     

Оқу ордамыздың 80 жылдығына орай «ОҚМПИ – өнер ордасы» атты факультетаралық жайдарман ойындары өтеді. Факультеттің студенттік декандары, белсенді студенттері, өнерлі өрендері, факультетіңіздің жеңіс тұғырынан қатысады. Жеңімпаздар кубокпен және арнайы дипломдармен марапатталатын болады. Әділ қазылар құрамында республикамызға танымал Жайдарман ойындарының жұлдыздары, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» мүшесі, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі, «Шымкент жастар құрамасының» капитаны және институт басшылығынан бір адам тағайындалады. . Жеңімпаз атанумен қатар, үздік деп танылған ойыншылар институтымыздың атынан республикалық «Жайдарман» ойындарына қатысып жатқан «Шымкент жастар құрамасының» мүшелігіне қабылданады.