Саханада-"Жайдарман" ойындары

17.02.17

Саханада-"Жайдарман" ойындары

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығына орай «ОҚМПИ – өнер ордасы» атты факультетаралық жайдарман ойындары өтті. Сайыста «Бастау», «До-ре-ми», «Эксклюзив», «Мармелад», «С корпусы» сынды командалары өзара өнер жарыстырды. Сондай-ақ ойынға жоғары лигада өнер көрсететін «Шымкент жастар құрамасы» қонақ болып қатысты. Көңілді тапқырлар ойынына Марат Достаев, Медет Досханаев, Тағай Нұралиев, Руслан Байгулов, институт басшылығынан Ғани Исаев  қазылық жасады.  Жоғары дайындықпен шыққан командалар студенттер мен ұстаздар қауымына тамаша көңіл-күй сыйлады. Сайыстың қорытындысы бойынша екі кезеңде де үздік өнер көрсеткен «Мармелад» командасы (Жаратылыстану факультеті) І орын алса, «Эксклюзив» командасы (Жаңа технология және өнер факультеті) ІІ орынды еншіледі. Жүлделі ІІІ орынды «С корпусы» командасы алды (Филология және тарих факультеті). Ал «Ең үздік ойыншы» номинациясын «С корпусы» командасының ойыншысы Нұржан Қалдыбек иеленді. Өнерпаздарымызға толағай табыстар мен шалқар шабыт, денсаулық тілейміз. Мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!!!