Үш тұғырлы тіл-заман талабы

27.02.17

Үш тұғырлы тіл-заман талабы

ОҚМПИ-да үштілділікті дамыту мақсатында мамандандырылған пәндер бойынша ағылшынша сабақ беретін оқытушыларға семинар өткізілді. Тәжірибелік-әдістемелік басқосу  Назарбаев орталығында Kazakh Teachers Association  қауымдастығымен  бірге ұйымдастырылды. Семинарды қауымдастық президенті Татьяна Летяйкина жүргізді.  Жиында CLIL әдісін мамандандырылған пәндерде ағылшын тілінде қолдану жолдарын үйретті және лекция мен практикалық сабақты қалай дайындау жолдары айтылды.