Құттықтаулар

21.10.15

ОҚМПИ-дың спорт және өнер факультетінің 3 - курс студенті Феруза Ергешова Лондон олимпидасына жолдаманы жеңіп алды. Спортшы қызымыз Банкгкокте өткен беделді халықаралық іріктеу сайысында екінші орынға ие болды. Бұл турнир алдында еліміздің таэквондадан құрама командасы Оңтүстік Кореяда жаттыққан болатын. Осы спорт түрінің отаны саналатын бұл елде қыздармен ең айтулы мамандар жұмыс істеген. Мұнын өзі көп ұзамай өз нәтижесін де берді. Алда әлі жұмыс көп. Енді барлық күш –жігерді Феруза жаттықтыруға жұмсамақшы. Алайда жұмыс кестесі бойынша оны қазірше бірнеше күнге созылған үзіліс күтіп тұр. Демалыста біраз тынығып, туған – туыстармен жүздесіп, құрбылармен сырласып үлгермек. Феруза Ергешова өте үян,көп сөлемейді. Бір қарағанда оны тіпті спортпен шұғылданады екен деп те ойламайсың. Алайда сөйлесе келе тұла бойындағы қайсарлық пен төзімділігіне таңданасың. Ферузаны бүкіл институт ұжымы мақтаныш тұтады. ОҚМПИ ұжымы Феруза Ергешоваға сәттілік тілеп, спорт белестерін бағындыра бер деп тілектестік білдіреді!