Құттықтаулар

21.10.15

Сүйінші! Институтымыздың екі аруы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай өткізілген Тәуелсіздік аруы атты байқаудан жүлдемен оралды. Іс –шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық салт –дәстүр мен отбасы құндылықтарын насихаттау. Бұл сайысқа оңтүстіктегі жоғары оқу орындарының 20 студент қыздары қатысты. Олар ұлттық киіммен қатар жаңаша үлгідегі дизайны ерекше көйлектерін киіп шықты. Тәуелсіздік аруы атты бақау екі бөлімнен тұрып, 4 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша филология факультетінің 2 курс студент Маржан Абенова Көрермендер көзайымы номинацисын жеңіп алды. Ал Туран аруы атағын тарих факультетінің 2 курс студенті Перизат Серикбаева иемденді.

Құттықтаймыз!